Білім процесінде педагогикалық технологияны қолдану

Әдістемелік кабинеттің ұйымдастырылуымен өткізілген Білім процесінде педагогикалық технологияны қолдану тақырыбындағы облыстық семинар туралы қысқаша мәлімет

Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде қазан айының оныншы жұлдызында    Ақтөбе облысы кадрлар біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына арналған облыстық семинар “Білім процесінде педагогикалық технологияны қолдану” тақырыбында өткізілді. Семинар барысында откізілген іс- шараларға тоқталатын болсақ тіркеу рәсімінен кейін семинарды колледж директоры Мұхамбетпайзова Жеңісгүл Сағидоллақызы салтанатты түрде ашып берді .

 MG 2979             MG 2976

       Ашылу кешінде колледждің арнаулы пән оқытушысы және де “Жылжымалы құрам” болімінің меңгерушісі Бөрібаев Асылбек Салжанұлы “Білікті маман даярлауда инновациялық технологияларды қолдану” атты баяндамасын окып берді.

 MG 3000          MG 2992

Келесі кезекте оқу бөлімінің меңгерушісі және де математика пәнінің оқытушысы Ермағамбетова Камшат Қасымқызы “Білім деңгейін дамыту жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологилардың ролі” тақырыбындағы баяндамасын курс тыңдаушыларына және колледж оқытушыларына арнады.

 MG 2996         MG 2997

 

         Ары қарай курс тыңдаушылары екі топқа бөлініп коледж арнаулы пән оқытушыларының ашық сабақтарына қатысты.

 

     Бірінші кезекте колледж арнаулы пән оқытушысы Фазылова С.Е. “Жолды балластау түзету және тегістеу балласт призмасын әрлеу және тығыздауға арналған көлік” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 MG 3065        MG 3072

 

Колледж арнаулы пән оқытушысы Иманбаева Г. М. “Стрелка бұрмасын пайдалану” тақырыбында ашық сабақ өткізді.        

 

Колледж арнаулы пән оқытушысы Костина Т. А. Сигналы, светофорная сигнализация и устройство тақырыбында ашық сабақ берді       

 

Арнаулы пән оқытушысы Жилкишина С. К. Аккумулятор батароеяларының түрлері және құрылысы тақырыбында" ашық сабақ өткізді.        

   

  Семинардың соңғы бөлігінде курс тыңдаушыларына және колледж оқытушыларына колледж психолыгі Арзуова Б.Б. “Материк успеха” атты психологиялық тренинг өткізді.

Семинарды қорытындылау кезеңінде әдістемелік кабинет меңгерушісі Сансызбаева Қарлығаш Несіпбекқызы сөз алып, курс тыңдаушыларына алғысын білдіріп, әдістемелік кеңес беруге әрдайым дайын екендігін айтып өтті.Семинар соңында курс тыңдаушыларынан өз пікірлерін білу мақсатында анкета алынды. Олар өз тарапынан ризашылықтарын білдіріп, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сапалы түрде өткізілгендігін айтып жеткізді.

 MG 2946