Жаһандық білім беруде кітапхана қорын ұйымдастыру

«Жаһандық білім беруде кітапхана қорын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық кітапханашыларға арналған ашық сабақ туралы мәлімет

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде қазан айының он бірінші жұлдызында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына арналған «Жаһандық білім беруде кітапхана қорын ұйымдастыруда АКАЖ тиімділігі (іс – тәжірибе)» атты базалық курстың сабағы өтті. Курсқа қатысқандар – мектеп, колледж кітапханашылары.

Фото0241    Фото0242

Курс тыңдаушылары алдымен колледжіміздің әдістемелік кабинетімен, мұражайымен танысты. Кітапханашылар кітап сақтау орнымен, мерзімдік басылымдар залымен, оқу залымен таныстырылды. Сабақ кітапхананың оқу залында жүргізілді. Кітапхана меңгерушісі Г.Т. Тулепова колледжіміздің кітапханасымен таныстырды.

Фото0258

 

Келесі кезекте кітапхана маманы Т.Ж.Уксукбаева «Ирбис» автоматтандырылған жүйесімен танысу (кітаптар базасы бойынша) атты сабағын курс тыңдаушыларына арнады. Пайдаланушылардың сұранысын тез қанағаттандыруда, кітапханашылар жұмысын тиімді ету, әрі тездетуде бұл бағдарламаның бір уақытта бірнеше параметр бойынша терең іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тақырып бойынша кітаптарды таңдауына, іріктеуіне, кітап көрмелерін ұйымдастыруда, көпішілік жұмыстарын әзірлеу барысында көмегі зор және ақпараттық, тақырыптық тізімдерді, жаңа әдебиеттер тізімін санаулы уақытта шығарып алуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Кітапты электрондық каталогқа қалай енгізетіндігі курс тыңдаушыларына көрсетілді. Ары қарай кітапханашы М.Н.Кутаякова «Ирбис» автоматтандырылған жүйесімен танысу (мақалалар базасы бойынша) таныстырып мақаланы қалай енгізетіндігін көрсетіп айтты. Сабақтың соңғы бөлігінде курс тыңдаушыларына колледж психолгі Б.Б.Арзуова «Жаңбыр жауғанда», «Ертегілер әлемі » атты тренинг өткізді. Сабақ соңында облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институтының кітапхана меңгерушісі Н.Н. Ермекова мен курс тыңдаушылары сабақтың жақсы деңгейде өткендігін айтып, өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірді.

Фото0230       Фото0260