Ұстаз болу жүректің батырлығы

«Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты концерттік бағдарлама

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде қазан айының төртінші жұлдызында кітапхананың ұйымдастыруымен ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты кеш өткізілді. Кештің қонақтары колледжіміздің ұстаздар қауымы. Ұстаздарды құттықтап колледж директоры Мұхамбетпаизова Жеңіскүл Сағидоллақызы сөз сөйледі.

 MG 2709

Кешіміздің жүргізушілері: Есболат пен Тілектес

 MG 2739

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Шындығында, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан! Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Сахна төрінде «Аманат» триосы

 MG 2723

Ғалым да, батыр да, тілінен бал тамған ақын да, диқан да бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ақтөбе облыстық оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен ұстаз мерейін асқақтатуға және өз елінің мәртебесін көтеруге арналған облыстық «Ұлылық ұстаздан таралады» атты жас ақындар байқауына белсене қатысып, үшінші орынға ие болған ақын студентіміз Бақтыбаев Заманбек «Ұстаз» өлеңін оқыды. Сонымен қатар колледжіміздің бишілері Айгүл мен Мадина «Үнді» биімен ортаға шықты.

IMG 2805

Кешіміздің қонақтары колледж ұстаздары

 MG 2714    MG 2727   MG 2731