«Нұр отан» партиясының XV –ші сезьдін насихаттау

 

 

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 29.10.13ж күні аса маңызды шара ұйымдастырылды. Колледж басшысы Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызының қолдауымен «Нұр отан» партиясының кезектен тыс XV –ші сезьдіне облыс атынан қатысып келген делегаттарды колледж мәжіліс залына жинап, студент жастарға доктринаның маңыздылығын насихаттады. Колледжге сездьге қатысушы делегаттар мен қатар кәсіптік білім беретін білім ошақтарының басшылары, облыстық оқу әдістемелік орталығының басшысы және арнайы мамандары қатысты. Делегаттар колледж студенттеріне Елбасымыздың сөзін жеткізіп, ел ертеңі жастар екенінін нақтылап атап көрсетті.

IMG 2320   IMG 2332

Колледж оқытушылары «Нұр отан» Нұрлы болашақ жолында» атты саяси доктринасына тоқталып, баяндамалар жасады. Жалындаған студент жастар өз ойларымен бөлісіп, мемлекет болашағын өз қолдарына алуға әрқашанда дайын екендіктерін айтты. Колледж жастары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ел мүддесін көтеруге ат салысуға бір ауыздан қолдады.

IMG 2346

 

 

Колледж журналисті: Дастан Ақерке