Достығы жарасқан жастар

Достығы жарасқан жастар

«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлгі» мерекесіне орай «жастар ісі жөніндегі комитетінің» көңілді тапқыштар клубының белсенді жастары колледж мәжіліс залында «Достығы жарасқан жастар» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. Мерекелік шараның ерекшілігі жастар өздерінің сахнадағы достарын шақырып достықтарын ұштастыруында. Мерекелік кештің қонақтары Ақтөбе қаласының жайдарманшы мақтаныштары болды. Соның ішінде, Ақтөбе қаласының жоғарғы лиға чемпиондары, Ақтөбе қаласының мақтаныштары, құрамына тек өнерлі әрі сері жігіттер жиналған Ақтөбе-АЭСА жайдарман тобы, С. Бәйішев атындағы университет жанындағы колледждің командасы, көрерменнің сүйікті командаларының бірегейі «Іске сәт» жайдарман тобы және колледжіміздің қонақтары «Алау» жайдарман тобы өнер көрсетті.

Осылайша өнегелі жастар өздерінің достықтарын барша көрермен алдында мерекелік концерттерімен көрсете білді.

IMG 2596  IMG 2599

IMG 2605  IMG 2618

IMG 2626  IMG 2629

IMG 2632  IMG 2658

Журналист: Дастан Ақерке