Білім ордасына - Білім Ғылым Министрі

 

 

     Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде айтулы күн болды. Сексен екі жылдан астам тарихы бар, тамыры тұңғиыққа кенелген білім ордасына Білім Ғылым Министрі Сәрінжіпов Аслан Бакенұлы ат басын тіреді. Колледж ғимараттарын аралап, колледжіміздің тыныс тіршілігімен толықтай танысты. Оқу ордасының тәрбие жұмысы, оқу – әдістемелік жұмысы, колледж жетістіктері тағы да басқа көптеген жұмыстарды қарап өтті. Мәжіліс залында Сәрінжіпов Аслан Бакенұлы және облыс әкімінің орынбасары Нұрхатова Сара Қайыржанқызы және облыстық білім басқармасының басшысы Самұратова Жанат Бақытжанқызының қатысуымен өткен алқалы жиында колледжіміздің 1 курс студенті Амангелдин Қуанышбаяндама жасады. Баяндама барысында жастар Елбасы сенімін еселеп, Нұрлы жолдың жалғасы болар жастары екенін айқындады.

IMG 6361  IMG 6434

IMG 6378  IMG 6450

Осылай оқу ордамыздың айқынды күндерінің бірі осылайша өтті.

Журналист: Дастан А.Н.