Ғасырдың ғаламат ақыны - Мұқағали

Ғасырдың ғаламат ақыны - Мұқағали

 

2016 жылдың 11 ақпанында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында «Ғасырдың ғаламат ақыны - Мұқағали» атты М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.

DSC 0006 новый размер  DSC 0032 новый размер

Кеш мақсаты: Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, соның барысында студенттер мен оқытушылар арасында тығыз байланыс орнатып, поэзияға, қазақ халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту.

DSC 0037 новый размер  DSC 0069 новый размер

Кеш Мұқағали Мақатаевтың «Бүгін менің туған күнім» әніне жазылған А-24 тобының студенті Азамат орындауындағы термемен ашылды.

              «Хан Тәңірінің мұзбалағы» әлем поэзиясындағы құдіреттің бірі , өлең қонған өр ақын, періштелі кең ақын Мұқағали ағамыздың туған күн кешіне колледж директоры

Ж.С. Мухамбетпаизова, оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.С. Жиенқожаев, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Абельпейсовамен қатар, колледж оқытушылары мен студенттері, ата-аналар қатысты.

             Өзінен кейінгі ақындардың піріне айналған Мұқағали ағамыз біздің де піріміз. Өлең деген өлкеде сыйынар асқарымыз, - деп өз сөзін жалғастырған колледж директоры Жеңісгүл Сағидоллақызы Мұқағали ағамыздың 85 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырдың ғұламат ақыны – Мұқағали » атты мерекелік кешіміздің шымылдырығын ашып берді.

DSC 0871 новый размер  DSC 0892 новый размер 

DSC 0930 новый размер  DSC 0947 новый размер

DSC 0981 новый размер  DSC 0982 новый размер

DSC 1027 новый размер  DSC 0075 новый размер

             Кеш барысында ақын өмірінен бір үзік сыр шететін бейне көріністер көрсетіліп, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ақын жайлы тебірене айтқан ойлары, ақынның алтын қорда сақталған «Алтын дауысы», Мұқағали Мақатаевтың өмір күнделігінің сырын айғақтайтын сырлы ойларына қалам тартқанын дәлелдейтін өмір күнделігінен үзінді бейне жазбалар көрсетіліп, ақын өмірбаянынан қысқаша «Менің анкетам» атты өлеңіне көріністер қойылып, ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісіндегі көрініспен жалғасты. Кеш барысында жиылған қонақтар Мұқағали ағамызды еске алып, 1 минут үнсіздік жариялады! Кеш барысында жыр сүйер қауымның жүрегінен Мұқағали ағамыздың естеліктеріне қоса дүйім жұртты тебіренткен ән-жырлары кешіміздің төрінен орын алғаны сөзсіз. Атап айтатын болсақ «Есіңе мені алғайсың»,«Саржайлау», «Сенің көзің», «Ана сен, бақыттысың», «Сәби болғым келеді», «Мен деп ойла», «Ұнатамын мен сені», «Қайран жеңгем» әндері шырқалып, ақын абыройын асқақтатар, ақын мұрасын құрметтер ұрпағы бар тәуелсіз еліміз өркендей бергей деген ниетпен Мұқағали ағамыздың сөзіне жазылған патриоттық сезімімізді оятар «Отаным менің» әнін А-23 тобының студенті Әкімбай Ақтан орындады. Жалындап жанып өткен ақынның жолын жалғастырып, қазақтың қара өлеңін жанына серік етіп жүрген колледждің жас ақындары ақын ағаларына деген ыстық-ықылас пейілдерін арнау ретінде көпшілікке ұсынып, Мұқағали Мақатаев ағамыздың керемет туындыларын колледжіміздің білім алушылары өз орындауларында киелі қара шаңырағымыздың төрінен жиылған Алаш жұртының жүрегіне жеткізе орындады. Осылайша өле-өлгенше жырлап өткен Мұқағали ағамыздың өшпес мұрасы колледж кітапханашыларының ұйымдастырылған «Ғасырдың ғаламат ақыны - Мұқағали» атты кітап көрмесімен жалғасты. Көрмеде Мұқағали Мақатаевтың 1965 жылғы алғаш рет баспаға шыққан кітабы, шығармашылығының топтамалары, өмір күнделігінің сырын айғақтайтын «Мұқағали Мақатаев күнделігі», «Жүрек арызы», «Мұқым елдің мұзбалағы», «Өмір өзен», «Қазақ әндері», «Күн төбеден туғанда», «Үш бақытым», «Мұқағалидың таңдамалы шығармалары» т.б. еңбектері ұйымдастырылған көрмеден орын алды.