Жас өрендер - жарқылы

Жас өрендер - жарқылы

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жанынан құрылған «Арын» студенттік театры Қазақстан Республикасының 25 – жылдығына орай «Балауса» атты Республикалық жастар және студенттік театрлары арасында өткен фестивальға қатысты. Облысымызда сәуірдің 20 – 21 жұлдызында өткен 2 күндік фестиваль өте керемет өтті. Әрбір облыстан келген таетрлардың өнерін қарап, тың дүниелерді ойға түйдік. Колледжіміздің «Арын» студенттік театры фестивальға Т.Х Ахтановтың «Күшік Күйеу» комедия жанрын ұсынды. Соның нәтижесінде өнегелі өнер көрсетіп, «Үміт» номинациясымен марапатталдық. Бұл номинация бізді алдағы уақытта жігер күшпен белесті бағындыруға бірден – бір баспалдақ болды. Фестиваль соңында жастар өнер майталманы Тұңғышбай Жаманкұлов атамыздың батасын алып, бойларына тағы бір мәрте жігер жинады.

IMG-20160422-WA0004 новый размер  IMG-20160422-WA0005 новый размер

IMG-20160422-WA0006 новый размер  IMG-20160422-WA0007 новый размер

00032 027 новый размер

 

Журналист: А.Н Дастан.