ҒАСЫР СЫЙЛАҒАН ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА

26 сәуір 2016 жылы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 155 жылдық мерейтойы мен Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған

«ҒАСЫР СЫЙЛАҒАН ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА»

атты ән-күй байқауы болып өтті.

«Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлға» атты ән-күй байқауы 2 – бөлім бойынша: ән жанры (Үкілі Ыбырайдың әндер қорынан байқауға қатысушы әр үміткер алдын-ала таңдалған шығарманы Үкілі Ыбырайдың репертуарынан орындайды) және күй жанры бойынша (байқауға қатысушылар күйшінің күй қорынан күй-тарту ұсынуы тиіс) бойынша өнер көрсетті.

         Жас ұрпаққа өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарамыздың әділқазы алқалары Ақтөбе облыстық С.Байшев атындағы ғылым-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Хамзина Гүлстан Ғимранқызы, Ақтөбе сервис колледжінің кітапхана меңгерушісі Назарбаева Гүлсана Нәсенқызы және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің кәсіптік оқыту бөлімінің меңгерушісі Боранбаев Қанат Боранбайұлы әділқазы мүшелігінде болды. Аталмыш байқауға колледждің білім алушылары белсене қатысып Үкілі Ыбырай мен Тәттімбет Қазанғапұлының ән-күйлерін дүйім жұртқа паш етті.

DSC 0415 новый размер  DSC 0416 новый размер

DSC 0423 новый размер  DSC 0427 новый размер

           Кеш соңында өнер көрсеткен білім алушылар: ОТС-11 тобының студенті Есентеміров Нұргелдіні Үкілі Ыбырайдың «Қараторғай» әнін, қазақ күй өнерінің ізін жалғастырушысы Э-44 тобының студенті Кеңесбай Бибіжан Құрманғазының «Балбырауын» күйін, халық арасында халық әні болып тараған «Үкілі Кәмшат» әнін П-22 тобының студенті Нуритжанов Бекжан өз нақышына келтіріп орындады. Ал «Гәкку» 30-жылдары ұлттық мәдениетіміздегі тұңғыш опера-композитор Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек қыздың ариясына айналған «Гәкку» әнін Э-11 тобының студенті Сабырбаев Бақтияр орындаса,

«Бозторғай» әнімен қазақтың үкілеген қара домбырасын жанына серік еткен А-24 тобының студенті Ілиясов Азамат сахна төрінің көркін қыздыра түсті.Ал А-12 тобының білім алушысы Жұмабай Гулмира сұлу табиғаты суреттелетін Тәттімбеттің «Сары жайлау» күйін орындаса, А-23 тобының студенті Амитов Алтынбек Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әнін, А-24 тобының студенті Ілиясов Азамат Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең тараған күйлерінің бірі, өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартатын «Салтанат» күйін тарту етті.

DSC 0428 новый размер  DSC 0431 новый размер

Үкілі Ыбырайдың жақсы мен жаман адамның қасиеттерін тілге тиек етіп көрсетіп, көңілге ұялайтын поэзия тілімен суреттеген «Желдірме» әнін Э-24 тобының студенті Әбдіжалимов Қуанышбай нақышына келтіріп орындап берді.

DSC 0436 новый размер  DSC 0438 новый размер

DSC 0450 новый размер  DSC 0454 новый размер

DSC 0470 новый размер 

           Жеңімпаздар кеш соңында колледж директорының «Бас жүлде», «І», «ІІ», «ІІІ» дәрежелі дипломдарымен марапатталды.