Рухани жаңғыру – кәсіптік техникалық білімнің жаңғыру кепілі

Рухани жаңғыру – кәсіптік техникалық білімнің жаңғыру кепілі

13.12. 2017 күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – кәсіптік техникалық білімнің жаңғыру кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.      

Семинарда Ақтөбе облыстық ғылыми–тәжірибелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері Утеулиев Ерлан Бактыбаевич Рухани жаңғыру – кәсіптік техникалық білімнің жаңғыру кепілі» тақырыбында сөз алып, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі директорының ОІЖ орынбасары Ибраимов Қуанар Ажайпович, директордың АИТЖ орынбасары Рамазанов Марат Куангалиевич білім ордасының 85 жылдық тарихына тоқталып, колледждің жаңадан іске қосылған оқу - тәжірибелік орталығымен таныстырды.

Семинар барысында колледждің білікті мамандары колледждің оқу-тәжірибелік орталықтарында жаңашыл бағытта ашық сабақтарын өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Семинар өз мақсатына жетті, келешекте де осындай семинарлар жалғасын таба береді.

     DSC 0870   DSC 0884

     DSC 0895   DSC 0896

     DSC 0926   DSC 0936

     DSC 0942   DSC 0952

                              DSC 1019