«Бауырсақ пати» акциясы

«Бауырсақ пати» акциясы

02.02.2018ж күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің шығармашылық тобы «Аналар үйінде» «Бауырсақ пати» акциясымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Студенттер мәнерлеп оқу, спектакльден үзінді, гитарада ән айтып, жас аналарға makeup жасап, сурет салу арқылы өз әсерлерімен бөлісті. Мейірім шашқан мекен қиындық көргендерге қолдауын көрсетіп, жарқын өмірге жетелейтін үй. Елбасы Жолдауы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осындай жақсы, жаңа жобаларға қолдау көрсету керек делінген болатын. Осындай жақсы іске жанашыр көрсетіп жүрген «Аналар үйінің» Ққ үйлестірушісі Лакова Таңсұлу Загитқызы бізді жайдарлы көңіл күймен қарсы алды. Ол кісіге шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз.

A12 4235  A12 4213

A12 4177  A12 4246