Автоматика и информационные системы

«АВТОМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» БӨЛІМІ

 

Молдагулова

МОЛДАГУЛОВА А.С. Бөлім меңгерушісі

 

85 жыл… Күннің құдіретті сәулесі сияқтанып алғаш білім есігін   ашқан күннен бастап, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып, олардың бойына адамгершілік пен парасаттылықты, білімпаздық пен ізгілік нұрын дарытып келе жатқан киелі қарашаңырақ-Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі.

Қасиетті де киелі оқу орнының басты міндеті- егеменді еліміздің алтын діңгегін тік ұстай білетін білікті маман тәрбиелеу. Сол бағытты ұстанған теміржолдың бір бөлшегі саналатын, белесті бөлімнің бірі- «Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімі. Бұл бөлім 50-60 жылдарда теміржол саласы күннен- күнге дами түскен шақта 1964 жылы сырттай бөлім, 1970 жылы күндізгі оқу бөлімі ашылды. Ашылған жылы 1 топ қабылданса, келесі оқу жылы 2 топ қабылданды. Мамандыққа сәйкес кабинет жабдықталды, зертхана бөлмелері, көрнекі құралдары, ашық түрде (моно проект) диплом қорғау жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстардың бастамасын бастаған

DSC 0272

 Ф.Ф.Тарасенко, Ж.Л.Бочарова, В.И.Николенконың ерен еңбегі ерекше. Олар бірнеше рет байқаулардың жеңімпазы, ҚР-ның оқу ісінің үздіктері. Сол сияқты «Жалын», «Аскет» құрылыс жасақтары (басшысы Ф.Ф.Тарасенко, В.И.Николенко) құрылып, Қарабұтақта үй құрылысына көмектесті, бұл бастама кейін де жалғасын тауып, дәстүрлі түрде жүргізілді.

Қазіргі таңда бөлімді 2007 жылдан бастап А.С.Молдагулова басқарып келеді. Бөлімнің мақсаты: қазіргі заманның талабына сай бәсекелестікке қабілетті жаңа технологиямен қаруланған кәсіби білікті мамандар даярлап шығару.

Бөлімдегі аға буын оқытушылардың айтар ақылы, берер тәрбиесі, көрсетер жолы шексіз. Олардың ізін жалғастырар, жас та болса білікті мамандар, бөлімнің дәстүрін жалғастырып келеді. «Жас келсе іске» демекші, өз мамандығын жетік білетін оқытушылар ағалар салған сара жолдан айныған емес. Жыл өткен сайын оқу кабинеттері жаңа технологиямен жабдықталып, дипломдық жобалар нақты түрде қорғалуда. Түлектер үшін өтетін НОК-та бөлім студенттері жоғары деңгейден көрініп, межелі баллдан өтіп, сертификатқа ие болды. Бұл «АТМ» бірлестігінде қажымай еңбек етіп келе жатқан бірлестік жетекшісі Л.Жубаниязова, арнайы пән оқытушылары Қ.Ибраимов, Г.Жумагалиева, К.Мухамбеталиева, Б.Тұрмағанбетова, жас ұстаздар А.Сүлейменова, Б.Алдамжаров, А.Қазбағанбетова, Ж.Сагиланов, Ж.Сембаевалардың тынымсыз еңбегінің арқасы. 

DSC 0308

«Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімі тамырын тереңге жайған 85 жылдық тарихы бар колледжде осы күнге дейін мыңдаған түлектерді ұшырды, жүздеген түлек білім алып, өз мамандығын алып шықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «21 ғасыр – жаңа бастама ғасыры» деген болатын. Осыған орай 2007 жылы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы ашылды.. Әр жылдары оқыған жүздеген түлектер ҚР- ның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Соңғы 5 жылда бітірген түлектер мамандықтарына сәйкес әр салада қызмет атқаруда. Атап айтсақ, Б.Кунаров, Б.Досов, А.Қуандық, Ғ.Ажайып, Ж.Шауқымов, Ә.Есенов, А.Төлеу, Ғ.Шәпи, А.Бабакулова, Е.Жұмағали, Н.Кетебай, Қ.Тапенов, Т.Исламбеков т.б.

Сондай ақ, Қалпақбаевтар отбасының үш перзенті «Автоматика» мамандығын бітіргендігін мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі таңда үш азаматта оқу ордамызды үздік бітіріп, ағайынды А.Қалпақбаев, Қ.Қалпақбаев «Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы» мекемесінде өз мамандықтары бойынша жұмыс жасаса, кенжесі Қалпақбаев Жандос өзінің терең білімімен, саналы тәрбиесімен көзге түсіп, білім ордасында ұстаздық жолын жалғастыруда.

Бөлімде екі бірлестік жұмыс жасайды. «АТМ» бірлестігі (бірлестік жетекшісі – Лаззат Жубаниязова) және «Тілдер» бірлестігі (бірлестік жетекшісі – Қалдыгүл Бердімұратова). Жаңа қоғам адамның рухани интелллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу- бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы мақсатта бірлестік оқытушылары аянбай еңбек етуде. Бөлімдегі өз ісінің майталманы, тәжірибесі мол оқытушыларымыздың мақтанышпен айта аламыз. Олар: Г.Оразгалиева, А.Сұлтанова, Ж.Тлеуқабылова, А.Куатова, Р.Жұманова, А.Мырзагарина т.б. Жас ұстаздарымыз: А.Анесова, А.Досмамбетова, Д.Симанова, А.Оборотова, А.Тлембаева, Ә.Серікбаева, Г.Байтақовалардың студенттерді тәрбиелеуде, білім беруде қосқан үлестері зор және қай іс- шарада да өздерінің ізденімпаздығын, білімін көрсете алды. Студенттермен жумыс жасауда бөлім әдіскерлері А.М.Абишова мен Г.О.Қалназаровалардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бөлімде сапалы білім беру мен қатар, саналы тәрбие беру жұмыстары өте жоғары

DSC 0461  20170520 114058

деңгейде жүргізіліп келеді. Ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби: «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Олай болса, бөлімде көптеген тәрбиелік іс шаралар ұйымдастырылуда. Әр жыл сайын жоспар құрылып, сол бойынша жұмыс түрлері өткізіледі. Оған дәлел дәстүрлі түрде өтетін «Алтын күз», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз мерекесі», «Жеңіс күні» және жыл сайынғы жаңадан қабылданған студенттер арасында өтетін «Біз бір үйдің баласындаймыз» атты іс-шаралар т.б. Дәстүрлі түрде өтетін колледж ішілік футбол, воллейболдан бөлім студенттері жыл сайын «Директор кубогін» иеленді. Сол сияқты бөлім студенттері «Алтын күз» сайысынан «Колледж ару» байқауынан жылда бас жүлдеге ие болады. Студенттер арасында өнерлі жастар аз емес. Олар тек колледжішілік шараларда ғана емес, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде көрініп, марапаттауларға ие болып жүр. Оның ішінде Нағыметов Нұрлыбек – «Самға Самұрық-2017», «Первенство Республики Казахстан-2017» ән байқауынан, Сайлауов Елдар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай облыстық пікір- сайыс турнирінде 3 орын. Болашаққа бағдар 100 нақты қадам» тақырыбында өткізілген жайдарман ойындарында 1-орын иеленді.

8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай бөлім ата-аналары мен еңбек ардагерлеріне, колледж ұстаздарына мерекелік шара кең көлемде, жоғары деңгейде өткізілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби кеш өткізу дәстүрге айналған.

 DSC 0626

«Кел, Жаңа Жыл! тақырыбында өткізілетін меркелік шараға бөлім студенттерінің барлығы толық деңгейде қатыстырылады, шараның қызықты өтуіне студенттер белсене атсалысады.

Сонымен қатар ақын жазушылардың мерей тойларын атап өтуге баса көңіл бөлінеді. Атап айтқанда Ы.Алтынсаринның 165 жылдық мерей тойына орай «Қазақ санасының шамшырағы» атты танымдық кеш, М.Шахановтың 75 жылдық мерей тойына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты поэзия кеші, М.Мақатаев «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби сазды кеш т.б.

Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай М.Әуезовтың «Хан Кене» драмасын бөлім студенттері шынайы сомдап, көрермендер көңіліне жеткізе білді.

«Жаным ғашық жалын жырға» атты жас ақындар жыр жинақтарының тұсаукесері облыстық деңгейде жоғары дәрежеде өтті.

Студенттерді қайырымдылық пен еңбекке тәрбиелеу мақсатында колледждің ардагер ұстаздарына құрмет көрсету де тыс қалмаған. Жыл мезгілдерінің ауысымында белсенді түрде көмек береді.

Сондай-ақ әр оқу жылында «Үздік топ» анықталып, бөлім белсенділері, үздік студенттер марапатталды. 2015-2016 оқу жылы үздік топ ИС-21 тобы (топ жетекшісі – Ж.Н.Уринбасарова) болып табылса, 2016-2017 оқу жылы үздік топ А-24 тобы (топ жетекшісі – К.Н.Мухамбеталиева) үздік топ атанды. Осындай іс-шаралар әр топта, бөлімде ұйымдастырылған тәрбие сағаттары, кештер, кездесулер, сайыстар студенттердің шығармашылық ізденістерін арттырып, кәсіби теориялық білімін, өнерін жан-жақты дамытуға үлес қосуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Біз ең ардақты тұлға тәрбиелейміз» деп атап көрсеткен болатын.

 

2018-2019 оқу жылындағы

«Автоматика» бөліміндегі топ жетекшілер тізімі

Тобы

Аты-жөні

1

А-11

Тлепова Айсауле

2

А-12

Байтакова Гулсезим

3

АСУ-11

Жуманова Рита

4

А-21

Тілеуқабылова Жаныл

5

А-22

Оборотова Алена

6

А-23

Ерсаймова Аймарал

7

А-24

Еримбетова Шолпан

8

АСУ-21

Қазбағанбетова Ақмоншақ

9

АСУ-22

Суйидукова Гулзира

10

АСУ-23

Жумагалиева Гумисай

11

А-31

Турмаганбетова Баян

12

А-32

Алдамжаров Балтабай

13

А-33

Жубаниязова Ляззат

14

АСУ-31

Серикбаева Асель

15

АСУ-32

Прзадаева Несібелі

16

АСУ-33

Себепбаев Асхат

17

А-41

Мырзагарина Алтын

18

А-42

Анесова Арайлым

19

АСУ-41

Бердимуратова Қалдыгүл

20

АСУ-42

Досмамбетова Ақмарал

 

2018-2019 оқу жылындағы

«Автоматика» бөліміндегі топ басшылар тізімі

Тобы

Аты-жөні

1

А-11

Сидалиева Жансұлу Оралбайқызы

2

А-12

Найзабек Айым Асланбекқызы

3

АСУ-11

Тағыбергенова Ақнұр Тағыбергенқызы

4

А-21

Терек Бекзат Әбілхасымқызы

5

А-22

Бекесов  Даурен Булатович

6

А-23

Тілепбергенова Гүлім Амангелдіқызы

7

А-24

Құсайынова Аяжан Рустамқызы

8

АСУ-21

Қазбек Аяжан

9

АСУ-22

Кенжебай Зарина

10

АСУ-23

Елеусизова Аяжан Абдуллақызы

11

А-31

Әбдікова Ардақ Базарбайқызы

12

А-32

Султанова Диана Баходаровна

13

А-33

Демекбаева Бақшагүл

14

АСУ-31

Маратқызы Толғанай

15

АСУ-32

Мениязова Ақбота Ержанқызы

16

АСУ-33

Шакиева Аружан Қайратовна

17

А-41

Абылаева Айша Амирхановна

18

А-42

Шарипова Айгерім Манасовна

19

А-43

Шоқанов Жұмабек Нұрланұлы

20

АСУ-41

Унанова Биханым Нұрболатқызы

21

АСУ-42

Советбаева Гүлшат Аманбекқызы

 

 

2018-2019 оқу жылындағы

«Автоматика» бөліміндегі топ жетекшілер тізімі

 

Тобы

Аты-жөні

1

А-11

Тлепова Айсауле

2

А-12

Байтакова Гулсезим

3

АСУ-11

Жуманова Рита

4

А-21

Тілеуқабылова Жаныл

5

А-22

Оборотова Алена

6

А-23

Ерсаймова Аймарал

7

А-24

Еримбетова Шолпан

8

АСУ-21

Қазбағанбетова Ақмоншақ

9

АСУ-22

Суйидукова Гулзира

10

АСУ-23

Жумагалиева Гумисай

11

А-31

Турмаганбетова Баян

12

А-32

Алдамжаров Балтабай

13

А-33

Жубаниязова Ляззат

14

АСУ-31

Серикбаева Асель

15

АСУ-32

Прзадаева Несібелі

16

АСУ-33

Себепбаев Асхат

17

А-41

Мырзагарина Алтын

18

А-42

Анесова Арайлым

19

АСУ-41

Бердимуратова Қалдыгүл

20

АСУ-42

Досмамбетова Ақмарал