Путь и путевое хозяйство

«Жол және жол шаруашылығы бірлестігі»

4331002 « Теміржол құрылысы,жол және жол шаруашылығы»
2802002- «Көтеру-тасымалдау,құрылыс, жол машиналарын және жобадықтарын пайдалану,техникалық қызмет көрсету ж/е жөндеу».
4332002 « Автомобиль жолдары мен аэродромдарды пайдалану және салу»

image001Алғашқы рет 1932 жылдың 20 шілдесінде « Актюбинская правда» газетінің 106 нөмерінде Ақтөбе эксплуатациялық техникумына оқушыларды қабылдау  жөнінде  хабарлама  берілді. Осыдан 10 жыл өткеннен кейін  жолшы-техниктер мамандарын дайындау  қажеттілігіне  сай, еліміздің  батысындағы  бұзылған  темір  жол  торабын қалпына  келтіруге  байланысты  «Жол  торабының  халық коммиссариатының» 1942 жылдың  4 ақпанындағы №31 бұйрығы бойынша  техникумда «Жол  шаруашылығын пайдалану» мамандығы  бойынша  маман  дайындау  ұйымдастырылды.Қала  мектептерінен  техникумға 8-9-10 класс  оқушылары аударылды.Осылайша  оқушылар  саны 240 адамға толықтырылды.image003

Ұлы Отан соғысының қиын жылдарында бейбітшілік кезеңнің мамандықтарын дайындау өз бағытымен жүріп жатты. 1943 жылы техникум алғашқы 7 жолшы техник түлегін оқытып шығарды:
Бария Илья Самойлович , Гиль Мария Иосифовна,Каткова Валентина Ивановна,Меркулова Вера Васильевна, Поплавская Юлия Айболовна, Токарев Александр Васильевич,Чикашев Геннадий Александрович.
1942 жылдан бастап 1953 жылдар аралығында Ақтөбе эксплуатация техникумы тек қана жолшы-техниктерден 465 маман дайындап шығарды. Техникум түлектері « Теміржол құрылысы» мамандығын игергендіктері жөнінде диплом алды. Техникум түлектері соғыстан босатылды Кеңес Одағының барлық жерлерінде қажыр-қайратпен жұмыс істеу барысында техникумда алған білімдерімен тәрбиесін нәтижелері үлкен жетістіктерге жеткізгені сөзсіз еді.

Кең байтақ Батыс Қазақстан аумағында ол жылдары теміржол торабы салынбаған еді аз тұрғынды жартылай шөл далалы жерлер, аз ғана түрлі өсімдіктер мен жануарлары бар әлем өз қойнауындағы мұнай және газ өнімдері, минералды және көміртек байлықтарымен көзге түсті.

Осыған байланысты

Батыс Қазақстан аумағында жаңа теміржол торабының бағыттарының құрылысының қажеттілігі туындады, білікті мамандармен қатар техникум түлектері де іске қосылды.
Біздің түлектер арасындағы ардагер оқытушы- тәлімгерлер мамандар дайындауда үлкен үлес қосты. Олар: Михаил Матвеевич Панов ( 1941-1945жж.) 1957-1977 жылдар аралығында техникум директоры,Бөлекбай Зекешұлы Жуминов (1963-1967 жж.) 1992-2000 жылдар аралығында техникум директоры , Серік Жолдыбайұлы Пұсырманов (1972-1975 жж.) директордың сырттай оқу ісі жөніндегі орынбасары.

image005

Қазіргі  таңда мамандық  кеңейтілген  ғимараттар  құрылысы, құрылыс  өндірісінің   технологиясын  танып  білу  түлектердің  өндіріс  және  тұрғын  үй  кешендерінің  құрылысына  қатысуына  мүмкіндік  береді.Мамандықтың  біліктілігі: техник  жолшы  құрылысшы.

image007

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «Жол және жол шаруашылығы» бірлестігінде жолшы -техник мамандарын дайындауда өз ісінің кеменгер оқытушылары еңбек етеді: Г.Р.Аскарова-жол торабының инженер құрылысшысы,жоғарғы санатты ұстаз, колледж директорының өндірістік истері жөніндегі орынбасары.

image009
М.Г.Габдсаттарова-инженер-құрылысшысы, жоғары санаттағы оқытушы «Теміржолды пайдалану» бөлімінің меңгерушісі; Т.Ш. Елемесова – теміржол торабының инженері, оқытушы;Л.И.Подлесная – теміржол торабының инженері, көпірші,оқытушы; Г.М.Иманбаева-теміржол торабының инженері, оқытушы; Б.Б.Борамбаева- теміржол торабының инженері, оқытушы.

1992 жылдан бастап Ақтөбе теміржол көлігі техникумында «Жол машиналарын және құрылғыларын,құрылыстық, көтерме-көліктік машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету,пайдалану» мамандығы ашылды. Бұл мамандықтың ашылуына себепкер болған Алексей Леонтьевич Бахуров, директордың өндірістік жұмыстары бойынша орынбасары болды,ол Орынбор теміржол техникумымен тығыз байланыса отырып жол машиналарының техник механиктерін дайындауға ұзақ мерзімді дайындық жүргізді.

image013

 

Сонан бері, 20 жыл аралығында техник механиктерді дайындау жүруде,олар көтерме-көліктік құрылыстық,жол машиналарымен қондырғыларының құрылымын,құрылыстық көлік машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету технологиясын,теміржолды пайдалану ережелерін,жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, машиналарды басқару және жөндеуді оқып білуде.

Оқушылардың  оқу  бағдарламасын игеру  барысында арнайы  пәндер  оқытушылары көмек  көрсетуде:М.С.Жиенқожаев –т.ғ.к, инженер- механик, оқу-әдістемелік  жұмыстары  бойынша колледж  директорының орынбасары.

image011

С.Е.Фазылова-инженер-механик, бірінші  санаттағы оқытушы, « Жол  және  жол  шаруашылығы» бірлестік  төреайымы. Ақтөбе  қаласы әкімінің 2010 жылы өткізілген «Техникалық  және кәсіптік  оқу орнының үздік оқытушысы» марафонының сертификат иегері.

image015

Келдібаев.Х.Ж- инженер-механик , оқытушы.

Бүгінгі таңда ғылымның,техника мен экономиканың дамуы,барлық қызмет саласындағы қарқынды өзгерістер күрделі үрдістерді іске асыруға қабілетті, инновациялық түрде ойлайтын, білікті мамандарды даярлауды қажет етіп отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында үкіметтің алдында әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену туралы биік міндет қойды . Мұндай күрделі де қиын міндетті орындау үшін ең алдымен барлық саладағы білікті мамандар қажет. 2006-2007 оқу жылында колледжде құрылыс-жолшы-технигі мамандығы ашылды, біз даярлап отырған мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие болғандықтан бүгінгі студент – ертеңгі маман жұмысқа тез орналаса алады.

Мамандандырылған білікті тұлға-озық технологияны үлгеріп, жаңа техникамен, жаңа технология негізінде жұмыс істейтін, әр істе белсенді шығармашылықпен, ізденімпаз жаңа жағдайларға тез әрі біліктілікпен шешім қабылдап алатын болу керек.

image017

Осы талаптарға сәйкес жаңа адалды болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі күннің айрықша мәселесі.

Олардың батыл,ержүрек, барлық жағынан сұлу, жайдарлы әрі кішіпейіл,ақылды,білімді болып өсуіне бөлім оқытушылары өз пәндерінде оқытудың жаңа инновациялық түрлері негізінде білім беруде.

20 жыл аралығы уақытында «Көтерме-көліктік машиналар» мамандары даярланып шығарылды, олар еліміздің экономикасының барлық саласында; теміржол көлігінде,Республикамыздың, облысымыздың жәнеқаламыздың мекемелеріндежұмыс істейді.Түлектеріміз өндіріс саласында өте қажет. Олардың көпшілігімен осы уақытқа дейін байланыс жүргізілуде. Елғонды Еркінбек Шүйіншбаевич, Жұбаназаров Еркін Асқарович, Сәнімаев Амантай,Қонысов Насірадин

«Ақтөбе жол дистанция»

image025

«Ақтөбе жол дистанциясы»      
басшысы Елғонды Е.Ш.          

image023

Бас механик басшысының орынбасары
Жұбаназаров.Е.А

image021

Жол шебері
Қонысов .Н.Б

image019

Сәнімаев.А

Бірлестік оқытушылардың іскерлік біліктілігін арттыруда жұмыс жүргізе отырып олардың әдістемелік іскерлігін дамыту жұмыстарын, білім сапасының деңгейін тексеру және сабақтарды өткізу барысын қадағалап отырады.Бірлестік алқасы дипломдық және курстық жобалардың тапсырмаларын дайындау мен олардың орындалу барысына үлкен көңіл аударады.
Колледждің мамандықтар бойынша білім алу процессін жетілдіруге арналған материалдық-техникалық және зертханалық кешендері бар. Курстық және дипломдық жобаларды орындау барысында оқушылар арнайы жабдықталған бөлмелердегі компьютерлік техникаларды қолдана алады.

image027

Әрбір топта өткізілген ашық сабақтар, дебат-сайыстар,кездесулер оқушылардың танымалық және шығармашылық қабілеттерін ашып ой еркіндігін, кәсіби теориялық білімін жан-жақты дамытуға үлес қосуда.

Әдістемелік жұмысты жоспарлауда бірлестік оқытушыларының өзіндік шығармашылық ерекшеліктері ескеріледі. Онда техник-механик мамандығына байланысты мынадай бағдарламалар шығарылды: «Күш қуат қондырғылары» , «Электр-гидро жабдықтары және құрылыс жол көліктерінің автоматикалық құрылымы» , «Техникалық-механика негіздері» пәнінің тармақты логикалық , «Жол машиналарын» пайдалану және техникалық қызмет көрсету» , «Жол машиналары конструкциясы», «Тармақты экономика» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік бағдарламалар шығарылып, оқу процессінде, қолданыста.

«Техник-жолшы-құрылысшы» мамандығы бойынша «Геодезия» , «Теміржолды жалпы тану», «Теміржол», «Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Автомабиль жолдары мен аэродромдарды жобалау және іздеу» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған бағдарламалар құрастырылып қазіргі таңда қолданыста. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қарқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз.Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз-деуі бірлестігіміздің болашақ дамуының стратегиясы болады деп есептейміз.

Өз әріптестерімізді баға жетпес еңбектері үшін алғыс айта отырып колледжіміздің 80 жылдығымен құттықтаймыз.

image029 image031