Отдел кадров

Положение

Квалифицированный специалист – основа будущего
Жақсы маман - тәуелсіздік тағылымының келешек негізі
Qualified specialist is a base of future

image001

 

Жидеханова Акмарал Утегуловна – заведующий отдел кадров Актюбинского колледжа транспорта, коммуникаций и новых технологии

Жидеханова Ақмарал Өтеғұлқызы - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің кадр бөлімінің меңгерушісі

Actobe college of transport, communication and new technologies.
Zhidekhanova A.U. – chief of personal section

 

80 жыл тарихы бар колледждің қабырғасында көптеген мамандар еңбектенген және еңбектенуде. Олардың ішінде өндірістік ұйымдастырушы, техника ғылымының кандидаттары, доцент, Қазақстан Республикасының оқу ағарту ісінің үздіктері, инженер-педагогтар. Қазіргі уақытта 354 адам жұмыс жасайды. Соның ішінде 210 инженер-педагогтар. Колледждің барлық оқытушылары жоғары білімді. 66 оқытушы жоғары және бірінші дәрежелі.
Әр жетекшінің, инженердің, оқытушылардың атқарған еңбектері әр қилы – біреулері аз, екіншілері көп үлес қосқан, дегенмен әрқайсысы өз ісіне қосқан үлесімен сыйлы, құрметке ие, шығармашылық қабілеттері жоғары, шыңдалған педагогтар.

Жас маманды тәрбиелеу мен білім беру ісіндегі елеулі табыстары үшін, «Ы.Алтынсарин» белгісімен, «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен ұстаздарымыз марапатталды. Бәрі де есте қаларлықтай игі істер атқаруда. Колледжіміздің директоры Ж.С.Мухамбетпаизова техника ғылымының кандидаты, ҚР президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Директордың оку-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары М.С.Жиенқожаев техника ғылымының кандидаты, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері және доцент пен тарих магистрлері қызмет етуде.
Біздің оқытушыларымызға жанжақтылық, ізденімпаздық, талғамдылық, өз істеріне тиянақтылық қасиеттер тән.

Біздің Қазақстан теміржолында және де одан тыс жерлерде біздің колледжімізді бітірген инженерлер қызмет істейді, сол түлектерімізге білім берген ұстаздар: Ф.Ф.Тарасенко, Л.Д. Шипилова, Н.П.Верещак, Л.Т. Иванова, М.Г. Габдсаттарова, И.Ю. Богославская, Т.А. Костина, М.Д. Галиева, А.А. Кучербаева әлі күнге дейін талмастан қызмет атқаруда.

image003

Түйін

Мақалада ұрпақ сабақтастығы жоғары кәсіби мамандарды даярлау және тәрбиелеуде жоғары білікті мамандарымыздың ұзақ жылдар бойғы маңызды істері туралы және түлектеріміздің еңбек ету жолдарында олардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы үлкен құрметпен және мақтанышпен айтылады.

Подробнее: Положение

Региональный центр переподготовки и повышения квалификации рабочих кадров

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген, колледжімізде түлектеріміз Б.Қ. Әбелпейісова., А.С. Рамазанов, С.Е. Аманжолов, А.А. Сағындықов, Л.А.Жұбаниязова, Д.Ш. Абдуллина, Г.Е. Максутова, А.Ө. Жидеханова, М.Ә.Мыңжасарова, И.Ә.Абибуллаева, Ғ.Т.Ахметова, Б.Е. Алдамжаров, А.О.Сатенов, Н.Мәлікұлы оқытушыларымыз өз ұстаздарымыздың игі істерін одан әрі жалғастыруда. Олар техникалық құралдарды пайдаланып, жаңалықтар ашып, арнайы пәндер оқулықтарын мемлекеттік тілге аударды, сонымен қатар өздерінің істерінің жалғастырушылары да бар. Осындай жолдармен ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда.

2010-2011 оқу жылындағы облыстық марафон-сайысында 7 оқытушы «Үздік оқытушы» атағына ие болды. 2011-2012 оқу жылында облыстық марафон-сайысында 1 оқытушы«Үздік оқытушы» сайысында гран-приге ие болды. 12 оқытушы және 1 оқу-өндіріс шебері «Үздік оқытушы» атағына, 1 оқытушы «Арнайы пәннің үздік оқытушысы» сайысынан І орынға, 1 оқытушы «Дене тәрбиесінің үздік оқытушысы» сайысынан ІІ орынға ие болды.
Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын...алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., елдің бәріне...жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ұрпақ сабақтастығы жоғары кәсіби мамандарды даярлау және тәрбиелеу біздің колледжіміздің ұзақ жылдар бойғы келе жатқан маңызды істерінің бірі.
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз... Қазіргі таңда біздің оқу орнын бітірген түлектеріміз теміржолдың түрлі бөлімшелерінде басқарушы қызметін атқаруда, сонымен қатар құрметті теміржолшы болып табылады. Атап айтсақ Құрметті теміржолшылар: Храпатый А.В., Жуминов Б.З., Кусанов Е.А., Сұлтанмұрат С.С., Балымов А.С., Горобченко Н., Аманжолов Е.Б.,Исинаманов Б.А., Соннов А.Г:, Сатмағамбетов С.Б., Тишков Л.Б., Волков В.П., Алексеева М.М. Түлектеріміз: Минин П.А., Боранбаев Б.Ш., Черноусов Ю.А., Тампенов Б.О., Елесеев С.Ю., Шуиншибаев И.С., Ерғалиев С.Т., Улитов А.М., Дүзбаев Ә.М., Дүйсембаев А.Ш., Наурызова К.Ш., Садықов С.К., Саркулов С.М., Джумагазин А., Елгонды Е.Ш., Умурзаков С.С., Есбусинов Ә. басқару қызметтерін атқарған және атқаруда.
Біз бүгін өзіміздің түлектеріміздің есімін және олардың өмір жолы мен шығармашылығын үлкен құрметпен және мақтанышпен айтамыз.

Ұйымшыл ұжымды ұйымдастыра білу жөнінде Польша оқымыстысы А. Матейко былай деген: «Мамандарды дұрыс таңдауда, ұжымның өз құрамын реттеуге ықпал етеді, онда адамдардың өзара қарым-қатынасын шығармашылыққа қолайлы да, үйлесімді ықпал ету мүмкіндігі бар».

Өз әріптестерімді баға жетпес еңбектері үшін алғыс айтамыз!

Оқытушылардың біліктілік көтеру курсы

image001

Педагогтардың өтілдері туралы мәліметтер

image003

Мамандар құрылымы

image005

Жас көрсеткіші

image007

Педагогтардың дәреже көрсеткіші

image009