Дербес дамудың дара даңғылы

                                                                              «Менің назарымдағы басты
                                                                         мәселе-әр қазақстандыққа  
                                                                      қамқорлық көрсету”  
                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

Тақырыбы:   Дербес дамудың дара даңғылы

Мақсаты: Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырманың мақсатын, міндеттерін түсіндіре отырып, жастарды елімізде болып жатқан оң өзгерістерге өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Еліне, тіліне, дәстүріне деген елжандылық сезімін күшейту

Түрі: конференция

Өту барысы:

       Әнұран   «Менің Қазақстаным»

Жүргізуші:

       Армысыздар, құрметті оқытушылар мен колледж студенттері!

     Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақындығымен, арман- мақсаттарының орындауына жаңа мүмкіндіктер ашатындығымен құнды.

         Осы елбасының ілгерілеудің ізашар тапсырмаларын айқын көрсететін бағдарламалық тапсырмасына орай өткізілгелі отырған « Дербес дамудың дара даңғылы» атты конференциямызды ашық деп жариялаймыз.

IMG 8499

 

Әлеуметтік жаңғырту деген тіркесті елбасымыз бірінші рет айтып, қолданып тұрған жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 27 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған жолдауының атын «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» деп тектен тек атамағанын аңғартты. Бұл жолы да мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғырту деген тіркес астарын жан-жақты терең бойлап, жалаң, жағадай емес, кешенді ұғым екенін тайға таңба басқандай беріп отыр.

Жүргізуші:

     Бұл бағдарламада елбасы Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың бес басымдығын атап көрсетті. Осы басымдықтар бойынша студенттерге сөз кезегін береміз                    

Жүргізуші:               

Төребекова Шаттық А-23 тобының студенті ( Жастарға қамқорлық-кемел болашақ кепілі)

IMG 8502

 

Жүргізуші:                                                                                                                                               

     Нұртас Жұлдыз - А-11 тобының студенті ( Адамның байлығы-қоғамның байлығы)           

  Жүргізуші:                                                                                                                                            

    Садіркбар Сиратолла - П-11 тобының студенті     (Еңбектенген адам табысқа жетеді)          

Жүргізуші:                                                                                                                                 

Раушанова Ғайни- А-11 тобының студенті      (Әлеуметтік жаңғыру-алып мемлекеттің алғышарты )      

Жүргізуші:                                                                                                                                       

  Күзембай Бақытжан - ПС-24 тобының студенті  ( Қазақстанның болашағы- білімді ұрпақ қолында)                                                                                                                                     

Жүргізуші:

       Елбасы тұжырымдамасында: «Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп күтіп тұр» деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз-бүгінгі таңдағы әрбір Қазақстан азаматының өз еліне, тіліне, дәстүріне деген елжандылық сезімін күшейту. Яғни, әрбір Қазақстандық елімізде болып жатқан оң өзгерістерге өз үлесін қосу. Осы баяндамалар бойынша елдің дамуына өзіндік үлес қосар жастарымыздың, студенттеріміздің ойларын, пікірін, көзқарасын білсек...

(Ортадан шығып сөйлейді. )

IMG 8536

 

Жүргізуші:

     Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасында халыққа 20 қадам – Үкіметке 20 тапсырма берілді. Бұл- ілгерілеудің ізашар тапсырмалары. Соған назар аударсақ...

         (20 қадам туралы 2 оқушы алма кезек оқиды)

         1. Ерланқызы Ақбөкен   ОТС-12 тобының студенті

         2. Сабырбай Нұрболат АСУ-31 тобы ның студенті

IMG 8529

 

Жүргізуші:

     Жастарымызға елбасының бағдарламалық тапсырмасы туралы өз пікірін, көзқарасын, қосар үлесін білу мақсатында сауалнама берілген болатын. Сол сауалнама бойынша студенттердің пікірін тыңдасақ

  1. 1.Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасына қандай үлес қосар едіңіз...........................................................................
  2. 2.Бұл бағдарламаның қай бағыты ұнады, сізге ерекше әсер етті
  3. 3.Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасы туралы пікіріңіз

Жүргізуші:

     Жиырма тапсырманың қай қайсы да халық сеніміне қызмет ететіні сөзсіз. Шын мәнінде ел болашағын айқындайтын тарихи құжат, халықтың   әл ауқатын арттыруды көздеген көреген қадам. Әрбір ұжым, әрбір жанұя, әрбір адам бұл тарихи тұжырымды құжаттың мағынасына үлкен мән беріп, зор ынтамен танысып, көрсетілген бағыттардан болашақтан үлкен үміт күтетіні ақиқат. Іскер басшы басқарған біздің оқу орны да осы бағыттардың орындалуына өз үлесін қосуда. Келесі сөз кезегі «Тілдер» бірлестігінің жетекшісі Бердімұратова Қалдыгүл Сүйеужанқызына беріледі

Жүргізуші:

           Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасы менің, сенің, біздің жұмылып жасаған ортақ қазақстандықтар болып үн қосқан еңбегіміз арқылы Қазақстанның келбетін 21 ғасырға сай түрлендіретін ғасырлық қадам. Осы тапсырмаларды орындау жолында өз үлесін қосып жүрген студенттеріміз аз емес. Солардың бірі   П-11 тобының студенті Төлеуов Айбарды ортаға шақырамыз.

       Айтқұлов Аян  «Отаным-Қазақстан» әнін сіздерге тарту етеді.

Жүргізуші:

         Сарабдал саясатшы, көреген кемеңгер елбасының жаңа, тәуелсіз Қазақстанды құруға, елдің экономикасын нығайтып, халықаралық беделін арттыруға қосқан зор үлесінің нәтижесі. Осы жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік. Қош сау болыңыздар

 

Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

           Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі

CIMG0246

 

Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын

Подробнее: Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын