Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
26 сәуір 2016 жылы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 155 жылдық мерейтойы мен Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған
«ҒАСЫР СЫЙЛАҒАН ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА»
атты ән-күй байқауы болып өтті.
«Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлға» атты ән-күй байқауы 2 – бөлім бойынша: ән жанры (Үкілі Ыбырайдың әндер қорынан байқауға қатысушы әр үміткер алдын-ала таңдалған шығарманы Үкілі Ыбырайдың репертуарынан орындайды) және күй жанры бойынша (байқауға қатысушылар күйшінің күй қорынан күй-тарту ұсынуы тиіс) бойынша өнер көрсетті.
Жас ұрпаққа өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарамыздың әділқазы алқалары Ақтөбе облыстық С.Байшев атындағы ғылым-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Хамзина Гүлстан Ғимранқызы, Ақтөбе сервис колледжінің кітапхана меңгерушісі Назарбаева Гүлсана Нәсенқызы және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің кәсіптік оқыту бөлімінің меңгерушісі Боранбаев Қанат Боранбайұлы әділқазы мүшелігінде болды. Аталмыш байқауға колледждің білім алушылары белсене қатысып Үкілі Ыбырай мен Тәттімбет Қазанғапұлының ән-күйлерін дүйім жұртқа паш етті.
Кеш соңында өнер көрсеткен білім алушылар: ОТС-11 тобының студенті Есентеміров Нұргелдіні Үкілі Ыбырайдың «Қараторғай» әнін, қазақ күй өнерінің ізін жалғастырушысы Э-44 тобының студенті Кеңесбай Бибіжан Құрманғазының «Балбырауын» күйін, халық арасында халық әні болып тараған «Үкілі Кәмшат» әнін П-22 тобының студенті Нуритжанов Бекжан өз нақышына келтіріп орындады. Ал «Гәкку» 30-жылдары ұлттық мәдениетіміздегі тұңғыш опера-композитор Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек қыздың ариясына айналған «Гәкку» әнін Э-11 тобының студенті Сабырбаев Бақтияр орындаса,
«Бозторғай» әнімен қазақтың үкілеген қара домбырасын жанына серік еткен А-24 тобының студенті Ілиясов Азамат сахна төрінің көркін қыздыра түсті.Ал А-12 тобының білім алушысы Жұмабай Гулмира сұлу табиғаты суреттелетін Тәттімбеттің «Сары жайлау» күйін орындаса, А-23 тобының студенті Амитов Алтынбек Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әнін, А-24 тобының студенті Ілиясов Азамат Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең тараған күйлерінің бірі, өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартатын «Салтанат» күйін тарту етті.
Үкілі Ыбырайдың жақсы мен жаман адамның қасиеттерін тілге тиек етіп көрсетіп, көңілге ұялайтын поэзия тілімен суреттеген «Желдірме» әнін Э-24 тобының студенті Әбдіжалимов Қуанышбай нақышына келтіріп орындап берді.
Жеңімпаздар кеш соңында колледж директорының «Бас жүлде», «І», «ІІ», «ІІІ» дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы
«Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» курс тыңдаушыларына арналған «Білім беру ұйымының ақпараттық – білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында колледж кітапханасында 2016 жылдың 29 – қазан айында өткізілген семинар.
Коференц залында колледждің ішкі жағдайымен және мамандықтар туралы деректі фильм көрсетілу үстінде.
Электронды кітапхана ИРБИС бағдарламасы
бойынша жұмыс жасау кезі.
«Өткенін білмейтін халықтың болашағы да болмайды».
Ануар Аңсар.
колледж музейі
«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс ... сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
Мағжан Жұмабаев.
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты
басқару бөлімінің студенттерінің дайындаған
Қазақстан теміржолының сызбасы.
Абономентте кітап қорының орналасуын және оқырмандарға қызмет
көрсету ережесін семинарға қатысушыларға түсіндіру.
Колледж психологы Музеева Қарагөздің триненг өткізу сәті.
Нұргүл Нұрдәулетқызының семинардан соң колледж кітапхана меңгерушісі Тулепова Гульшара Таженовнаға алғыс білдіру сәті
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий