Материалы

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БІЛІМ ОРДАСЫНА - 80 ЖЫЛ!

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БІЛІМ ОРДАСЫНА - 80 ЖЫЛ!

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі - еліміздегі кәсіптік білім беру саласының ертеден келе жатқан мемлекеттік орны. Биылғы оқу жылы колледж ұжымы үшін ерекше, маңызы зор жыл болмақ. Колледжге – 80 жыл!

Қазақстын Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті маманды тек білім мен өндіріс саласындағы үздіксіз кәсіби ізденіс үстіндегі инженер – педагогтар ғана даярлайды» деп атап көрсетті. Еліміздің білім беру саласындағы өзіндік сара жолы бар, білім мен тәрбие беруде жан-жақтылығын кемелдендірген, құзыретті тұлға қалыптастыруда теміржол саласының кәсіби мамандарын даярлап келген қара шаңырақтың тарихы 1932 жылдың 20 шілдесінен басталады.

IMG 0273

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің 80 жылдығына орай «Инновациялық үлгілерді жоғары дәрежеде қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция 1 қараша күні өткізілді.

IMG 0351

IMG 9332

Конференцияға қатысушыларды тіркеп, колледжіміздің жас оқытушылары қонақтарға колледж ішіне экскурсия жасатып, колледж тарихымен жәнеде әдістемелік көрмелерді таныстырып шықты

 MG 0228

IMG 0224

Конференцияға тек қана Қазақстаннан ғана емес сонымен қатар Ресей елінен арнайы шақырылған қонақтарымыз келді. Конференцияға еліміздің кейбір қалаларынан, Ақтөбе облысының оқу орындарынан және мекемелерден әлеуметтік серіктестіктер шақыртылды.

IMG 9259

 

Конференцияда колледжіміздің директоры Мұхамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызына алғы сөз кезегі беріліп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, Кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің бас сарапшысы Кукамбева Жанат Керейқызы және Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастығының орынбасары

Бегімбетов Руслан конференция қатысушыларына құттықтау сөздерін сөйледі.

IMG 9260

«Жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде тиімді пайдалану» тақырыбында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы

 

IMG 9261

Оңтүстік Қазақстан облысы колледжінің директор орынбасары Джананова Галина Исекеевна «Арнаулы пән оқытушыларының біліктілігін арттырудағы кәсіптік педагогиканың орны» атты баяндамасымен

IMG 9264

Челябинск қаласы ФГБОУ филиалы директорының орынбасары Разуев Анатолий Владимирович «Жоғары оқу орнымен колледж студенттерінің ойлау қабілеттерінің даму аспектісі» атты баяндамасымен

IMG 9268

Оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгеруші Шавкилова Венера Наилқызы «Серіктестікті дамыту арқылы кәсіби білім жүйесін модернизациялау»

IMG 9270

 

Алматы көлік, коммуникация колледжінің директордің орынбасары Тоқтамысов Бисен Акыловичтің баяндамасы «Алматы көлік, коммуникация колледжіндегі дуальды оқытуды ұйымдастыру және серіктестігі»

IMG 9271

АО «АК КТЖ» Ақтөбе дыбыс жүйелерінің және байланыс дистанциясының директоры Екибаев Серик Амантурлиевич «Болашақ маманның тәжірибелік оқуындағы серіктестіктің ролі» тақырыбындағы баяндама

IMG 9274

Ақтөбе политехникалық колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Сарин Байкен Асылбекұлы «Кәсіптік оқытудағы әлеуметтік әріптестіктің ролі» атты баяндамасымен

IMG 9275

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әбілпейсова Бақытгүл Хабдыгалиевна «Германиядағы кәсіби педагогиканың инновациялық әдісі және кәсіби білімі» тақырыбындағы дайындаған баяндамасын оқыды.

IMG 9277

 

Әлеуметтік серіктестіктер, Облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі арасындағы меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.

IMG 0343

IMG 0330

 

«Инновациялық үлгілерді жоғары дәрежеде қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» тақырыбында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция қатысушыларының ұсынысы тыңдалды.

80 жылдық мерейтойға арналған салтанатты рәсім бойынша құттықтау сөздер айтылып, марапаттаулар сонымен бірге концерттік бағдарлама өткізілді.

IMG 9383

 

Құттықтау сөз кезегі мен марапаттау кезеңі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің Республикалық   ғылыми-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Туспекова Бахытгуль Абдрахмановнаға берілді

IMG 9386

IMG 9365

Келесі марапаттау кезеңі мен құттықтау сөз кезегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, Кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің бас сарапшысы Кукамбева Жанат Керейқызына берілді.

IMG 9367

Конференцияның жоғары деңгейде өткізілгендігі туралы, сырттан келген қонақтарымыз 80 жылдық тарихы бар – тағылымды тәлім берген, іскер, кәсіби мамандар даярлап келе жатқан шығармашылық ізденістер мен биіктерден көріне білген ертеңгі елдің иегерлері – жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі үздік көрсеткіші бар колледж ұжымына шеберлігі шыңдалған биік белестер, ұзақ ғұмыр, толымды табыс, жемісті еңбек, шығармашылық табыстар тілей отырып, өз ризашылықтарын білдірді.

IMG 9489