Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде мамыр айының 6-шы жұлдызында кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай және жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттыру арқылы елінің тарихын білуге, Отанын сүюге және қорғауға, ептілікке тәрбие беру мақсатында «Ер жігіт елі үшін туады» атты сайыс өткізілді.
Сайыс жүргізушілері: Төребекова Ш, Шәкір А.
Сайыста төрелік еткен әділқазы алқалары: Н.Ғ.Канафин, Б.К.Кизаев, С.С.Сапарова
Сайыста колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абельпейсова Б.Х сөз сөйлеп ер азаматтарды, сайыскерлерді мерекелерімен құттықтады.
Сайысқа қатысқан жігіттеріміз: Алмасбеков Е, Амангелдин Р, Кенжебаев С, Бақтыбаев З, Мақсотов А.
Алмасбеков Е Амангелдин Р
Кенжебаев С. Бақтыбаев З.
Мақсотов А.
Кaлaшников автоматын толық емес бөлшектеу және қайта жинақтау реті
Сайыста ән айтып, би билеген студенттеріміз да болды. «Алға қазақ жігіттері», «Көк тудың желбірегені», «Қазақ сарбаздары» әндері шырқалды және «Катюша» биін биледі.
Сәдіркбар С. «Алға қазақ жігіттері» әнін орындауда Колледжіміздің бишілері «Катюша» биін биледі
Сайысты қорытындылай келе Мақсотов А. 1- орын, Амангелдин Р. 2-орын, Алмасбеков Е. 3- орынды иеленді. Кенжебаев С «Өзіндік қасиеті» мадақтамасымен марапатталды. Бақтыбаев З. «Аса жоғары дарындылығы» мадақтамасымен марапатталды.
Сайыскерлерді мараппаттау сәті
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий