Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде кітапханашылардың ұйымдастырумен қазан айының 17 – ші жұлдызында «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» курс тыңдаушыларына арналған «Мектеп кітапханаларының инновациялық қызметін оңтайландыру мақсатында білім жүйесін кітапханашылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» атты базалық сабақ өткізілді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Н. Сансызбаева колледж туралы толық мағлұмат айтып өтті. Келген қонақтар колледж туралы бейнефильм көрді.
Кітапхана меңгерушісі Г.Т. Тулепова кітапхана туралы жалпы мәлімет беріп өтті.
«Ирбис» автоматтандырылған жүйесімен танысу (кітаптар базасы бойынша) Т.Ж. Уксукбаева таныстырды, (мақалалар базасы бойынша) М.Н. Кутаякова таныстырып, өз тәжірибесін көрсетті.
Кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, пікір алысты.
Сабақ соңында психолг Г.Ж. Маханбетова тренинг өткізіп кітапханашыларды бір сергітіп тастады.
Сабақ соңында қонақтар колледжге экскурсия жасап, колледж мұражайының тарихи жәдігерлермен танысып, «Мәдени мұра» ұлттық бөлмесін де тамашалап жүрек-жарды ыстық лебіздерін білдірді.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий