Жарқын өмірге – жарқын қадам

Жарқын өмірге – жарқын қадам.

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасына орай «Электромеханика» бөлімінде оқытушылар мен бөлім студенттерінің қатысуымен «Жарқын өмірге – жарқын қадам» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға колледж басшысы, орынбасарлары, оқытушылар мен 150-ге жуық бөлім студенттері қатысты. Алдымен, ілгерілеудің ізашар тапсырмаларын айқын көрсететін елбасы жолдауының мақсаты мен міндеттері айтылды.

Бағдарламада елбасы көрсеткен Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртудың бес басымдығы туралы студенттеріміз баяндама оқыды. Онда жастар мәселесі, әлеуметтік жаңғырту жолдары, денсаулық, еңбек, білім салаларына арналған тапсырмаларға жеке – жеке тоқталып, жүзеге асыру жолдары туралы сөз қозғалды.

Халыққа 20 қадам – Үкіметке берілген 20 тапсырма нақты көрсетіліп, елдің дамуына өзіндік үлес қосар жастарымыз ойларын, пікірін, көзқарасын білдірді. Олар өз сөздерінде ел болашағының кепілі – жастар екендігін баса айтып, барлық жастардың ел басы жолдауын қолдайтынын және оларды үн қосуға шақырды.

Жиырма тапсырманың қай қайсы да халық сеніміне қызмет ететіне сөзсіз. Шын мәнінде ел болашағын айқындайтын тарихи құжат, әрбір қазақстандықтың арман – мақсаттарының орындауына жаңа мүмкіндік ашатын тапсырма, халықтың әл ауқатын арттыруды көздеген қадам. Бұл тапсырмадағы бағыттардың орындалуына өз үлестерін қосып жүрген оқу орнының іскер басшысы, орынбасарлары да бағдарламалық тапсырмаға тоқталып, ой бөлісті.

Бұл біздің жұмылып жасаған ортақ қазақстандық болып үн қосатын еңбегіміз арқылы Қазақстанның келбетін ХХI ғасырға сай түрлендіретін ғасырлық қадам болары анық. Осы жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік.