Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
09.01.2013ж күні Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының оқу- әдістемелік орталығы және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Учиться друг у друга – учиться вместе» тақырыбында облыстық оқу- әдістемелік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты Сингапур, Германия елдерінде болып біліктілігін арттырып келген және Атырау қаласында Канадалық әдіс бойынша жүргізілген курста тәжірибе жинап келген оқытушылардың өз әріптестерімен ой бөлісуі.
Семинарға Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілдері, Ақтөбе облысының оқу- әдістемелік орталығының өкілдері және облыс оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшылары, әдіскерлері және шығармашылық жұмыспен айналысатын оқытушылары қатысты

Келесі кезекте арнаулы пән оқытушылары Сермагамбетова Жарқынай Егізбайқызы және Бердыгалиев Серік Есбергенұлы Сингапур елінде болып тәжірибе жинақтап ой бөлісіп, «Ақпараттық құзыреттілік-білім нәтижесі» тақырыбында баяндама жасады.

Келесі кезекте колледж оқытушылары Анесова Арайлым Темірбайқызы, Игілікова Ләззат Ермекқызы, Мұзафарова Меруерт Арыстанғазықызы, Ерсаимова Аймарал Сағындыққызы, Карашев Асылбек Амантайұлы Канадалық әдіскерлермен тәжірибе алмасып, РНП бағдарламасына түсінік беріп, ВОРРРS үлгісі бойынша мини урок өткізіп, шағын тренингтер жүргізді.



Семинар соңында Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығының кәсіптік – техникалық бөлімінің меңгерушісі Шавкилова Венера Наиловнаға сөз беріліп семинарға қорытынды жасады

және де келген қонақтар сөз алып арасында сұрақтар да қойылып, алғыстар да айтылды.

Қойылған сұрақтарға колледж директорының оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы жауап беріп, семинар өз мәресіне жетті.


Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий