Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Көшті бастар көрікті жастар
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде тағыда бір мәрте дүбірлі думан болды. Колледжіміздің белсенді жастары қалалық, облыстық сонымен қатар республикалық ән, би, патриоттық әндер фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып колледж мерейін асқақтатуда. Міне осы жастарымыздың құрметіне орай колледж басшысы Мухамбетпаизова Жеңісгул Сағидоллақызының қолдауымен белсенді жастарға арнап «Жыл үздіктері» атты думанды кеш өткізілді.
Думанды кеш Ақтөбе қаласының орталығында орналасқан әсем мейрахана Ұлытау мейрамханасында ұйымдастырылды. Жыл бойына оқу мен қатар қоғамдық жұмысты қатар алып, тындырымды еңбек нәтижесінде жастар осындай керемет игі шараның куәгерлері болды. Кеш барысында жастар өздерін тағыда басқа қырларынан танытып көрермен көзайыдарына айналды десекте болады. Кешті бастаушы ханзада ұлдарымыз бен ханшайым қыздарымыздың билеген вальс билерінің өзі Венадағы балдан кем болмады.
Думанды кеште жыл бойы нәтижелі жұмыс жасап, көзге түскен жастарға «Жыл жаңалығы» атты номминация бойынша граматолар тапсырылып,бағалы сыйлықтар берілді. Кештің тағыда бір жаңалығы болған жағдай Қазақстанымызға танымал әнші апамыз Светлана Айтпайваның келгені.
Және сонымен қатар «Жыл жаңалығы» номминациясын «Ән жанры» бойынша ерекшеленген жастарға өз қолымен грамоталарды табыстап, болашаққа қадам басар жастарға сәттілік тілеп, өзінің жүрек жарды лебізін білдірді. Мінекей көшімізді бастар көрікті жастарға Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымы осындай думанды кешті тарту етті.
Журналист: Дастан Ақерке
3 курс студенті
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий