Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Батыс өңірі бойынша алып білім ордасы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі 1 – қыркүйек білім күніне арналған «Қазақстан - 2050» «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты салтанатты жиын өткізді. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің қайнар көзі болған Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі жаңадан қабылданған жас толқын иелерін құттықтап жаңа оқу жылымен құттықтады. Киелі қара шаңырағымызда 80 жылдан бері жастарды білім нәрімен сусындатып, адами тәрбие беріп, болашақ мамандарды дайындауда жоғарғы білікті ұстаздары бар, ұжым тағыда Қазақстанымыздың мерейін көтерер жастарды дайындауға сақадай сай тұр.
Колледж басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, облыстық маслихат депутаты Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы мерекелік құттықтауын арнап, көшті бастар жастарға көрікті сөздерімен сәттілік тіледі.
Ақтөбе облысы бойынша еңбек нарығын арнайы мамандандырылған білімді де білікті жас мамандармен қамтамасыз етуде заманауи озық педогогикалық технологияларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізіп, үздіксіз ізденіс пен кәсіби шеберлік танытып, абыройлы қызмет етіп келе жатқан білім ордасын таңдаған жастардың қуаныштары көздерінен – ақ көрініп тұрды. Кеше ғана мектеп партасында балалық шақтың қызығына тоймай жүрген жас жеткіншектер бүгін міне үлкен өмірге қадам басты. Техникалық және кәсіптік -білім алу жолында жасаған алғашқы қадамдарымен колледж ұжымы шын жүректен құттықтап, сәт сапар тіледі.
Салтанатты жиыннан кейін ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиында колледж басшысы Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы ата – аналарды колледждің барлық ішкі тәртіп талаптарымен таныстырды. Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әрбір ата аналар өз пікірлерін білдіріп өзекті мәселелер талқыға салынды.
Журналист: Дастан Ақерке
4 курс студенті
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий