Сапалы білім мен тәрбие беру

 

«Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы»

Ақтөбе облысында 2013 жылы 20 тамыз айтулы күн өткен болатын. Жыл сайынғы үрдіс бойынша облыстың барлық білім беру қызметкерлерінің қатысуымен тамыз кеңесі болды. Бұл кеңеске білім беру ұжымының басшылары, қоғамдық ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері қатысты. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің басшысы Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы кеңеске қатысып «Ақтөбе облысы білім басқармасының» сертификатфмен марапатталса, колледж оқытушылары Абельпейсова Б.Х, Музалева Л.Д, Куспанова С.У бұл кеңестің қатысушылары болып, «Жастарға білім беру жолындағы ерен еңбектері үшін» облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ұстаздар өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын қарастырып, түрлі ұсыныстар білдірді. Көтерілген сұрақтардың өзектілігін, айқындылығын, кең көлемділігін жан – жақты талқылады. Колледжіміздің оқытушылары барлық ұсыныстар мен сұрақтарды ой таразысына салып, алдағы уақытта қолданысқа енгізіп нәтижелі жұмыс жасауға белдерін бекем буып қамданды. Еліміздің білім саласын көтеру үшін барлық оқытушылар қауымы әрдайым әзір екендіктерін бәріміз білеміз. Міне осындай игі бастамалардың бірегейі деп Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар ұжымының оқытушыларын айтуға болады. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында ең жоғарғы деңгейде қызмет етіп келе жатқан ұздаздар бар білгендерін шәкірттеріне беруден еш жалыққан емес.

  

     

 

Журналист: Дастан Ақерке

    4 курс студенті