Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі студенттері әрдайым салауатты өмір салтын сақтау жолында әр кез белсенділік танытып келеді. «Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті» деп аталатын денсаулық акциясында өте жоғары белсенділік танытып, колледж студенттері өздерін тағы бір мәрте денсаулық сақтау жолында белсенді екендіктерін көрсетті. Дені сау ұрпақ еліміздің болашағы болып саналса, осы жолда Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студент жастары осы болшақты өз қолдарында ұстап, биіктен көрінетіндерін дәлелдеп берді. Танертенгілік жаттығулар, түрлі спорт секцияларын көбейтіп, әр түрлі шаралар ұйымдарған ұжым әр кез биіктен ғана көрініп келеді.
Акция барысында колледж студенттері төмендегідей шараларды ұйымдастырды:
«Денсаулық өмір көркі» атты денсаулық көрмесі
«Денсаулықты сақтаймыз, әр дайым биіктерге самғаймыз» атты сыныптық тәрбие сағаттары
«Таңертеңгілік жаттығулар» студенттердің барлығы атсалып өткен шаралардың бірі
«Бәріміз біргеміз» тақырыбында колледж алаңында кішігірім флешмоб ұйымдастырылды.
Осылайша әрдайым салауатты өмір салтын сақтаудан еш жалықпаған Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастары әрқашанда салауаттылықты жарналамауға әзір.
Журналист: Дастан Ақерке Нағашбекқызы
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий