Тіл тірегі - ел

 

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің қоржыны тағыда бір алғыс хатпен толықты. Қазақстан Халқы Тілдерінің күніне арналған «Тіл тірегі - ел» атты облыстық Достық үйінде мерекелік бағдарлама өтті. Мерекеде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай қоғамдық келісім мен бірлікті, ұлтаралық ынтымастықты нығайтудағы белсенді қызмет і мен мемлекеттік тілдің беделін арттыруға қосқан үлесі және «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалін сонымен қатар «Тілдарын - 2013» үш тілді меңгерген қала жастары арасындағы қалалық олимпиаданы жоғпарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін колледж басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы марапатталды.

Тіл құдіретін, оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігінің барын бәріміз білеміз. Міне осындай құдіретті тілді дәріптейтін, көк туымызды мәңгі көк аспанда желбіретіп, халқына бас иетін саналы ұрпақты дайындап келе жатқан Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызының еңбегі өз нәтижесін берді.

Тіліміздің мәртесі әрдайым биік болып, өрісі кеңе бергей!

 

 

Журналист: Дастан Ақерке Нағашбекқызы