Жыл әдіскері

 

АО «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 18-19 қыркүйек күндері Республикалық «Жыл әдіскері» байқауы өткізілді.                        Байқаудың ашылу сәті.


 

Байқауға Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінен Ғылыми әдістемелік кабинеттің әдіскері Сермағамбетова Жарқынай Егізбайқызы қатысты.

 


 

Әділ қазылар алқасы

 

Байқау 5 турдан тұрды.

І-тур - Электронды портфолиосын дайындайды. (сырттай тур)

Үй тапсырмасын – таныстыру карточкасын қатысушының жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін ашатын бейнеролик ретінде көрсету.

ІІ-тур – ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің жобасын (үлгісін) таныстыру.

 

«Дуальды білім жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі» тақырыбында жоба қорғады.


ІІІ - тур «Жаңа Мемлекеттік Жалпыға міндетті Стандарт жағдайында әдістемелік қызметті жетілдіру» тақырыбын талқылау сәті.

IV тур – ғылыми педагогикалық мақаланы рецензиялау

V тур – Әдістемелік қызметті ұйымдастыру аясында шебер-сынып фрагментін таныстыру.

 

«Жаңашыл үлгідегі BOPPPS тәсілі бойынша сабақ жүргізу» тақырыбында

Байқау қорытындысы бойынша Сермағамбетова Жарқынай Егізбайқызы ІІІ-дәрежелі диплом иеленді.