Береке бірлігі жарасқан болашағы нұрлы Қазақстан

12.12.2013 ж күні колледжімізде айтулы күн болды. «16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай «Береке бірлігі жарасқан болашағы нұрлы Қазақстан» атты патриоттық шара облыс көлемінде өткізілді.

 

 

Аталмыш шарада Нұр Отан партиясының қалалық, облыстық филиалдарының өкілдері қатысып, бастаушы партия ұйымының белсенді оқытушыларын партия қатарына кіру куәлігін салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар колледжіміздің мерейін қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда, спорттық сайыстарда асқақтатып жүрген студент жастарымызға «Жас Отан» жастар қанатына қатарына қабылдау куәлігі тапсырылды.

Егемен еліміздің жас ұрпақтары ел үшін ұлы істерге дайын екендіндіктерін тағы да бір мәрте дәлелдеп берді.