Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Үлкенге құрмет кішіге міндет
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастары облысымыздағы көмекке зәру болып отырған ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге көмек беріп келеді. Тағдырдың талай қилы қиын жолынан өмір кешкен ата – әжелеріміздің ауласының қарын тазартып, қоқыстарын таратып қол көмектерін аямады. Өсер елдің ұрпағы болған бұл жастарға лайықты іс. Білім мен қатар еңбекті қолға алған жастар қауымы тек жақсы істерді ғана бастамаға алмақ. Жастардың көмектеріне дән риза болған ата-әжелеріміз ризашылықтарын сөзбен жеткізе алмады. Бұған куә студенттер өздеріне бұдан бақыт жоқ екендіктерін айтып, пікір бөлісіп жатты. Мінекей колледж жастары үлкенге құрмет, кішіге міндет екенін тағыда бір мәрте көрсетті.
Журналист: Дастан Ақерке
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий