Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Жігіт сұлтаны-2014»
Қазақ жігітінің қашанда өжет, мәрт, намысшыл жігіт екендігін барлық әлем мойындаған. Ат үстінде мызғымастан шауып, ел қорғаудан жалықпаған жігіттеріміз қай заманнан бері төрден орын алып келеді.
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен 21.02.2014ж күні «Жігіт сұлтаны - 2014» байқауы өткізілді. Жігіттеріміз өздерінің өжеттілігін тағыда бір дәлелдеп бұл сайыс нағыз мықтылардың сайысы. Сайысқа қатысушы жігіттеріміздің барлығы нағыз ер жігітке сай намысшылдық көрсетті. Нағыз сегіз қырлы бір сырлы жігіттеріміз өнерденде құр алақан емес екендігін көрсетті.
Жігіттер байқауынының қазылар алқасыда осал болмады. Нәтижесінде байқауда өзінің алғырлығы мен ақылдылығымен және сонымен қатар шапшаңдығымен жеңіске колледжіміздің 1 курс студенті Жолдығали Әділет жетті.
Осындай елімізді қорғап, көк туымызды биікке көтерер мәрт жігіттеріміз көп болғай.
Журналист Дастан Ақерке
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий