Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің белсенді жастары Наурыз мерекесін тойлауды ерте бастады.
21.03.2014ж күні сағат:12-00 де қаламыздағы «Ретро саябағында» ал, 22.03.2014ж күні сағат: 13-00 де «Мега ойын сауық кешенің» сахнасында қала тұрғындарына, қала қонақтарына арнап мерекелік бағдарламасын көрсетті.
Мерекелік көрініс арқылы жастар ата-бабаларымыздан қалған ежелгі жарапазан айту салтын қайта жаңғыртып көрерменге паш етті. Жас жігіттеріміз сайгүліктерін желдіртіп, қолдарына домбыраны алып, алыстан жарапазанды әндете айтып келді. Ал ауыл ақсақалдары ер жігіттерді қарсы алып, наурыз дәмнен дәм татқызып сыйларын қанжығаға байлады.
Дүйім көрерменмен қазақтың ұлттық ойындарын бірге ұйымдастырды. Көрермендерімізде ұлттық ойындарымызды сағынып қалған секілді. Жігіттеріміз арқан тартысып, бозбалалар асық ойынын иіріп тұрып ойнай жөнелді.
Мерекелік бағдарламаның барлығы тек Ұлы Наурыз мерекесіне ғана арналды. Жастарымыз бұл күні қала тұрғындарына тамаша мерекелік көңіл күй сыйлағаны көрермендердің ыстық шапалақтарынан-ақ білініп тұрды.
Журналист Дастан Ақерке
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий