Қазақстан – береке бірліктің отаны

Қазақстан – береке бірліктің отаны

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі» мерекесіне «Татулығы жарасқан ұлттар достығы» атты бөлімаралық сайысын ұйымдастырды. Қазақстанды мекен еткен ұлттартың татулығын ашып көрсету мақсатындағы ұйымдастырылған сайыс жоғарғы дәрежеде өтті.

Сайыстың қазылар алқасының қатарында:

   Хамзина Гүлстан Гимрановна- Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері

Молдажанова Мәншүк Дәулетбайқызы – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, және облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкері Динара ханым төрелік жасады.

Сайыс барысында қазақ ұлты, өзбек ұлты, неміс ұлты, ұйғыр ұлты және татар ұлттарының салт–дәстүрлерін, ұлттық өнерлерін ашып көрсетті. Әрбір ұлттың өзіндік киім үлгілерін дүйім көрерменге паш етіп, біз білмеген жаңалықтарын айта кетті.

Мінекей өнегелі жастар өздерінің өнерлерін осындай сында сынап көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке