Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Ер есімі ел есінде
Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен біткеніне биыл 69 жыл толып отыр.Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.
09.05.2014ж күні сол қанды қырғын майданда мерт болған батырларымызды еске алып, тағзым алаңына колледж студенттері гүл шоқтарын қойды.
Біздер үшін, елі үшін жанын қиған қас батырларымыздың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады.
Журналист: Дастан Ақерке
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий