Рәміздерім - мақтанышым

 

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу аясында «Рәміздерім - мақтанышым» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында ән ұранымыздың шырқалып,көк аспанмен түстес көк байрағымыздың желбіреп тұруы барша акция қатысушылары үшін рухты сәт болды..

 

Мемлекеттің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән - мағынасы бар. Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш.

 

Осы акция барысында колледж студенттері бостандықтың, бейбітшіліктің белгісі ақ көгершіндерді көк аспанға ұшырды. Көк аспанымызда қалықтай ұшқан ақ көгершіндеріміз арқылы жастарымызға еліміздің Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеп, мақтан тұту, көкке көтеру барша Қазақстандық азаматтардың борышы екендігін көрсету.

 

 

Мемлекеттік Рәміздер - бұл біздің мақтанышымыз!

 

Журналист: Дастан Ақерке