Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 29.10.14ж күні «Қазақстан темір жолы» Ақтөбе филиалының бас ғимаратының мәжіліс залында жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау салтанатты шара өткізілді. Шараның басты мақсаты колледждімізге жаңадан қадам басқан жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылай отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие алуға жетелеу.
Салтанатты шарада жаңадан қабылданған топтардың басшылары колледж директорының қолынан сынақ кітапшаларын алды. Және колледжімізге жаңадан қабылдансада осы уақыт аралығында өздерін жан-жақты көрсете білген, колледжіміздің абыройын қалалық, облыстық, республикалық деңгейде қорғап келген оқу ордамызға осы оқу жылында қабылданған белсенді 5 студентіміз өз сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерінен салтанатты түрде колледж директорының қолынан алды. Сонымен қатар салтанатты шараға колледжіміздің әлеуметтік серіктестері қатысып, студент атанған жастарымызға сәт сапар тіледі. Салтанатты шара барысында колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді өнерпаздары өз өнерлерін арнады.
Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі: Дастан А.Н
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий