Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Жастар ісі жөніндегі комиттерінің республикалық слеті
2014 жылдың 30-31 қазан күндері Ақтөбе қаласында жоғарғы және техникалық – кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастар ісі жөнідегі комитеттерінің республикалық слеті ұйымдастырылды.
Слеттің мақсаты – жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілетін арттыру. Слетке Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары оқу орындарының және Ақтөбе қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта білім беретін білім ошақтарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері қатысты.
Сондай – ақ 31.10.14ж күні слетқа қатысушылар оқу ордамыздың қонағы болды. Таңертеңнен бастау алған кездесу түске дейін жалғасын тапты. Алдымен конференция залында арнайы тренингтер өткізіліп, одан әрі спорт кешенінде ұйымдастырушылар тарапынан ұйымдастырылған «достық эстафетасымен» жалғасты. Арнайы қонақтарымыздың бірі Қазақстан Республикасы Білім Ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитет департаментінің басшысы Мажит Мақсат Бекболатұлы болды. Мақсат Бекболатұлы ұйымдастырылған шараларға қатысып, оқу ордамыздағы колледж музейіндегі тілек кітапшасына өз тілегін қалдырды.
Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі: Дастан А.Н
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий