«БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР, БІР ЕЛБАСЫ»

«БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР, БІР ЕЛБАСЫ»

Мақсаты:Тұңғыш Президент күні;мерекесінің мәнін ашу.Жас ұрпаққа Президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру және елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Оқушыларды елінің нағыз азаматы, шынайы патриоты болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Қазір біз ел тарихында Елбасына деген құрметпенен Президент күнін белгілеп, ел болып мерекелеп жатқанымыз баршамызға белгілі. Қазақстан күнтізбесінде бұл күннің пайда болуы кездейсоқтық емес, ол біздің еліміздің толағай табыстарын, халқымызбен мемлекетіміздің тарихындағы ұлы бетбұрыстарды әйгілеген күн болды. Соған орай колледж қабырғасында 1желтоқсан – Президент күні мерекесіне арналған «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» атты патриоттық мерекелік шара өткізілді.

Кештің құрметті қонағы ретінде «Нұр Отан» Партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, Партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Сахиев Ақылбек Мырзажанұлы болып, өз ойын колледж жастарымен бөлісе білді.

 DSC0326   DSC0328

 DSC0329   DSC0346

 DSC0405

    Патриоттық мерекелік кеш жоспар  бойынша  өткізілді. Мазмұны  қойылған  мақсатына  сай  болды. 

Жауапты оқытушы: «Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің жеткекшісі:

Сражов Байтұрсын Бекболатұлы