Қазақстан – бірліктің қайнары

«Қазақстан – бірліктің қайнары»

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірліктің қайнары» атты бөлім аралық байқауын ұйымдастырды.

Бұл бай ауды ұйымдастырудағы ең алғашқы мақсат, ол Қазақстанды мекен еткен ұлттардың татулығын ашып көрсету. Бір үйдің баласындай қ бір шаңырақ астына жиналған ұлттардың бейнесін, салт-дәстүрін дүйім көрерменге паш ету. Ал байқаудың шарты-әр бөлім жеребе бойынша таңдалған ұлттардың салт-дәстүрін, өнерін, мәдениетін көрсетеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Ынтымақ, бірлік, келісім-ең асыл іс ел үшін! Бұл Қазақстан елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Ал 2015 жыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялады.

Ұйымдастырылған байқауға студент жастар белсенді түрде қатысып, түрлі өкілдерінің салт-дәстүрлерімен таныс болды.

IMG 4482  IMG 4502

IMG 4524   IMG 4526

IMG 4530  IMG 4536

Журналист: Дастан А.Н