Әлия - қайсар қызы қазақтың

Әлия - қайсар қызы қазақтың


Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың 90 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Алия Молдағұлованың мүсіні ашылды. Шараның мақсаты жастарымызға батыр апамыздың ерлігінің мәңгілік екенін жеткізу. Бұл шараға колледж директоры, Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары және Алия Молдағұлованың туыстары сонымен қатар колледж студенттері қатысты. Ашылу салтанатында колледж директоры сөз бастап, жастарға Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін, қыршындай жастардың майдан алаңына Отан үшін аттанғандарын айтып, жас ұрпаққа бұл Жеңістің қандай қымбат екендігін айта кетті.

зщ  ю

хз


Алия Молдағұловаға арналған ұмытылмас әндердің бірі – Әлия әні орындалып, студенттер өз шығармашылықтарын арнады.

 

Журналист: Дастан А.Н