аймақтық конференция

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «Дуалды жүйе: тәжірибе және келешек» тақырыбындағы өткізілген аймақтық конференция қортындысы

 

2016 жылғы 4 мамыр айында Ақтөбе көлік,коммуникация және жаңа технология колледжінде Ақтөбе обылысының білім басқармасымен бірлесе отырып, «Дуальды жүйе: тәжірибе және келешек» тақырыбында аймақтық конференция өтті. Конференцияға кәсіптік - техникалық оқу орындарының басшылары, басшы орынбасарлары және арнайы пән оқытушылары қатысты. Конференция қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді .

             Конференция төмендегі ғылыми бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Дуальды оқыту жағдацында білім беру мекемесі мен өндіріс талабы.
  • Дуальды оқытуды дамытудың тиімділігі.
  • Дуальды оқыту жүйесінің басты бағыты – түлектердің жұмыспен қамту.

         Аймақтық конференцияға көршілес Атырау, Қызылорда, Орал және өзіміздің облыстан барлығы 97 мекеме басшылары , колледж директорлары мен орынбасарлары, арнай пән оқытушылар және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар коллджінен 100- ге тарта оқытушылары қатысты.

 DSC 0001 новый размер  DSC 0003 новый размер

DSC 0010 новый размер  DSC 0028 новый размер

Конференцияның бірінші бағытында сыртқы облыстардан Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің директорының оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары - Еркегулов Кенжебек Чапаевич «Кәсіби техникалық білім беру – заман талабы», Қазалы көлік – техникалық коллджінің директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ахай Маржанкүл Керімбердіқызы «Кәсіптік білімдегі дуалдық оқыту жүйесі - заман талабы» атты баяндамаларымен және облысымыздың кәсіпкерлік палатасының бөлім бастығы Кунанова Дамеля Бахиткереевна «Кәсіби техникалық білім беру – заман талабы» атты баяндамасымен және Ақтөбе облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің меңгерушісі Есенгазина Таңсулу Есенбаевна «Дуальная ситема: опыт и перспективы» атты баяндамасымен конференцияны ашып, ал колледжіміздің оқу – тәжірибие жөніндегі орынбасары Аскарова Гуляйым Рахимбековна «Пути реализации Дорожной карты по внедрению дуальной системы образования» атты баяндамасында осы дуалды оқытудың кооледжімізде эспериметтік нәтижесіне тоқталып, ЖСШ «Қамқор Локомотив» директоры Адайбаев Асхат Толеугалиевич мекеме мен колледж арасындағы серіктестік жөнінде өз ойын бөлісті.

DSC 0060 новый размер  DSC 0064 новый размер

DSC 0068 новый размер  DSC 0076 новый размер

«Дуалды оқытуды дамытудың тиімділігі» атты конференцияның екінші бағыты бойынша Орал облысының Зеленов колледжінің өндірістік оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кажмуратов Дархан Тлекбаевич «Дуалды оқыту арқылы жаңа технологияларды меңгеру», Орал колледжінің арнай пән оқытушысы Мухашалиев Батырбек Куандыкович «Дуалды оқытуды жүзеге асыру шеңберіндегі әлеуметтік серіктестік» , Қандыағаш өнеркәсіптік – экономикалық колледжінің оқу – ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Балымова Мейрамгуль Бакитовна «Кәсіптік білім беруде дуалдық оқыту - заман талабы» баяндамасы және «Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы дуалды оқыту арқылы жаңа технологияларды меңгеру» тақырыбындығы Орал «Сервис» технология коллджінің арнай пән оқытушысы Китраова Жанипа Канатовна баяндамалары тыңдалды.

DSC 0083 новый размер  DSC 0125 новый размер

DSC 0155 новый размер  DSC 0159 новый размер

«Дуалды оқыту жүйесінің басты бағыты – түлектердің жұмыспен қамтылуы» атты конференцияның үшінші бағыты «Қамқор Локомотив» ЖШС Ақтөбе локомотив жөндеу депосы филиалында жалғасын тапты. Конференцияның үшінші бағытын «Қамқор Локомотивте» өткізудің басты мақсаты – Дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестік мекемелермен қарым – қатынастын және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологияларколледжінің студенттерінің тәжірибеден өтетін жұмыс орындарымен таныстырып, болашақ мамандарды даярлауда жасап жатқан іс – шараларымен, жоспарларымен таныстыру болды.

DSC 0168 новый размер  DSC 0203 новый размер

Конференциияның жабылуында жан – жақтан келген конференция қонақтары өз ойлармен, тілектерімен бөлісіп, осы дуалды оқыту жүйесінің бағытында ұсыныстарын білдірді.