Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» бөлімінде 21 қыркүйек 2016 жылы «Тіл – достықтың алтын көпірі » атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатты дамыту. Ата - бабамыздан келе жатқан тіл, сөз өнерінің сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнерді насихаттау жас ұрпаққа насихаттау.
Байқау барысы 1.Таныстыру, 2. Өз өнерін көрсету, 3. Сұрақ-жауап,4.«Хабарландыру» атты 4 бөліммен қамтылып, үш тілде жүргізушілер байқауды өз мәресіне жеткізді. Ұйымдастырылған шараға 1-4 курс студенттерінен Нагметова Сандуғаш (Қазақ),Онгарбаева Динара (Орыс), Жомартов Алмасбек (Ағылшын), Шталь Анжелика (Неміс),Ақылбекова Баян (Қытай),Ликарова Дария (Корей) қатысты. Байқау соңында қатысушылар номинациялармен марапатталып, кешті Э-24 тобының студенті Абдиканиева Ақерке мен Э-44 тобының студенті Мұхитова Лунара әсем әнімен жалғады.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий