Жас Талант – 2016 дарындылар байқауы

Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Жас Талант - 2016» дарындылар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жаңадан қабылданған студенттер арасында әншілерді, жас бишілерді, үздік жүргізушілерді және күйшілік өнерді меңгерген жастарды іріктеу. Байқау барысында қатысушылар түрлі халық әндерін, түрлі күйлерді ортаға салды. Байқауды қаламызға танымал қазылар алқасы саралады. Қазылар алқасының құрамында «Қазақстан Ақтөбе» телекомпаниясының, «Қайырлы таң Ақтөбе», «ЖасStar» секілді түрлі бағдарламалардың тележүргізушісі Дархан Рақымжан, Республикамызға танымал «Айгөлек» би ұжының хореогроф - балетмеистері Ардақ Азбергенқызы, Қаламызға белгілі жас әнші, бірнеше хит әндердің орындаушысы Арман Жиеналиев, Күйші, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Музыкалық колледжінің оқытушысы Талап Еділханұлы,Қалалық мәдинет басқармасының маманы, Фариза Шарападинқызы.

Байқау тартысты әрі қызықты өтті.

 

 

 

 

Журналист Дастан А.Н.