Қанат берген арманға сен – Анашым!

«Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімі

28- ақпан күні «Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Қанат берген арманға сен – Анашым!» атты мерекелік кеш өтті. Кеште бөлімнің жігіттері аяулы аналарымыз бен сұлу қыздарымыздың арнап әндер айтып, өлең жырларын оқыды. «Анамның иісі» атты көрініс қойылды. Асыл ұстаздарымыз бен нәзік жанды сұлуларымыз керемет әсерде болды.