Колледж аруы 2017

Колледж аруы – 2017

   «8 – наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесіне орай жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Колледж аруы - 2017» сән байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің 8 ару қызы қатысты. Байқау барысында аруларымыз түрлі сынға түсіп, бақтарын сынады. Нәтижесінде барлық сыннан мүдірмей колледж аруы – 2017 атағына колледжіміздің автоматика және ақпараттық жүйелер бөлімінің 2 курс студенті Құмарова Әсемгүл ие болса, жастар ісі жөніндегі комитет аруы атағына Құрақбаева Әсем ие болды. Барлық қатысушыларымыз колледж директорының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудың қазылар алқасының қатарына қаламызға танымал «Eleven» фото – видео студиясы директоры, «Подиум» модельдік агенттігінің директоры, «Коркемлук» дүкені және «Мир платьев» дүкенінің басшылары қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушыларға түрлі сертификаттар ұсынса, «Мир платьев» сән үйінің басшысы байқаудың кешкі сән үлгілері кезеңіне демеушілік жасады. Байқау қызықты әрі тартысты өтті.

 Журналист: А.Н Дастан

  DSC 0298 - копия