Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Қарты бардың қазынасы бар
Мақсаты: Студенттеріміздің бойына үлкенді сыйлау, қарттарымызға құрмет көрсетіп, жүректеріне мейірім мен жылулық орнату.
Қаламыздағы қарттар үйіне шығармашылық тобымызбен мерекелік іс-шарамызды жүргіздік. Студенттеріміздің ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты әжелерімізге ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқи отырып, шағын қойылым да орындап шықты. Аяулы қарттарымызды ортаға алып әдемі әннің ырғағына билетіп, жүректеріне мейірім нұрын ұялатуға тырыстық.Мерекелік концертіміз жоғары деңгейде өтті. Кеш соңында өзіміздің тарапымыздан қарттарымызға сыйлықтарымызды ұсындық.
Педагог-психолог: Қ.М.Музиева
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий