«Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз»

«Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз»

Ақтөбе көлік коммуникация колледжінде «Құрылыс және байланыс» бөлімінің студенттері мен оқытушылар қатысуымен «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды өткізу арқылы жастарға біліммен қоса, дұрыс тәлім – тәрбие беріп, адалдыққа, патриоттық тәрбие беру.

           Дөңгелек үстел барысында студенттерді «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігін, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіптің алдын–алу, болдырмау жөнінде  жастардың санасына адамгершіліктен айыратын табыс табудың оңай түрінің соңы неге апаратындығын жете түсіндіру,  құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталғандығы туралы сөз етті.

Бөлім студенттері Серікбаева А «Жемқорлық дегеніміз не?» Мырзахметов Н. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу», Бағытқалиев Н. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», Жалғасбай А. «Жемқорлық індет – жою міндет», Құрманбай Е. «Жемқорлықпен күресу - ортақ міндетіміз» атты баяндаларын оқып, өз ойларымен бөлісті. Шараға студенттер белсенді қатысып, тақырып аясында көкейінде жүрген сауалдарын қойып, арнайы бейне роликтер тамашалады.

  1