Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Ардагерлерге сый құрмет
Бүгінгі күн колледжіміз үшін маңызды күндердің бірі болды. Себебі оқу ордамызға ардақты ардагерлеріміз қонаққа келді. Жыл сайынғы ғұрыппен өтетін бұл игі шара бұл жолы басқаша болды. Ардагерлеріміз алдымен колледж алаңында өткен «Жеңіс вальсіне» қатысып, одан соң бөлімаралық «Хор 2017» байқауына қатысты. Бұл байқауда ардагерлеріміз соғыс жылдарындағы әндерді тыңдап, көздеріне қуаныштан жас алды. Шара соңында ардагерлер жастарға ақ батасын беріп, кәсіподақ ұйымы дайындаған сыйлықтарды алып, қимастықпен тарқасты. Біз өскелең ұрпақ ардагерлерімізді қалай ұлықтасақ та, артық етпейді.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий