Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Жаным ғашық жалын жырға
Өзін-өзі тану пәні бойынша пилоттық жоба аясында 28 сәуір күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде «Рухани-адамгершілік тәрбие берудің тиімді жолдары» атты облыстық семинарда «Жаным ғашық жалын жырға» атты жас ақындар жыр жинағының тұсаукесері өткізілді. Жауапты оқытушылар: Мырзагарина Алтын Мұратқызы, Тілеуқабылова Жаңыл Сағабайқызы, Жұманова Рита Оразқызы, Молдагулова Айгүл Сапарқызы
Мақсаты: Оқушыларды көркем сөздің асылы-поэзияны сүюге, оны түсіне білуге, өз ойын поэзия тілімен тұжырымды айтуға үйрету. Назды, сазды, мұңлы-сырлы жырлары арқылы ел-жұртын қуанышқа бөлеп, жүрекке сағыныш ұялататын жырлар жазған ақындардың шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, ақындық қабілеттерін ұштау, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Кешке жазушылар одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, асыл сөзбен өрілген көркем жырымен халықтың ықыласына бөленген жерлес ақынымыз Гүлсамал Төрединқызы шақырылды. Ақтөбе облысының білім басқармасы «Өзін-өзі тану» және балалар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы А.М.Нурманова және оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлері қатысты.

Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...-деп жырлағандай, ақындарымыздың қасиетті қара өлеңінен бастау алған балғын жүректерінен шыққан өлеңдері
туралы пікірлесіп, жас ақындарымыз шығармаларын оқыды.
« Өмір» өлеңі Сайлауов Елдар А-11 тобы студенті «Поэзия» Әділова Альбина ИС-31 тобы студенті
Қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның сүйіспеншілігі мен құдіреттілігін танытқан Ұлылар поэзиясын сүйіп оқитын жас ақындарымыз өз ойларын ортаға салды.
Кеште А-11 тобы студенті Жаңабергенқызы Тоғжан «Зейнолла Шүкіровқа», Э-12 тобы студенті Бекболатова Арайлым «Абай атаға» «Жақсылық-жан шуағы» - Фатхуллин Азамат Э-22 тобы студенті,
«Білім ордам тарихы бар тереңнен...» Мырзахметов Нұртуған ОТС-22 тобы студенті, «Достық керек адамға» - Әбенова Адима П-21 тобы студенті «Отбасым – баға жетпес алтындарым» Жақсымбаева Гүлім Э-12 тобы студенті, «Ана» өлеңін Ыбыраева Жаннұр ОТС-12 тобы студенті, «Отан» Наурызов Еділ Э-32 тобы, «Қазақ тілі» Болат Нұрхан А-22 тобы, «Ей, азаттық» Қайратқызы Әсем ОТС-21 тобы студенттері поэзияларын мәнерлеп оқыды.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий