Халқы сүйген қаламгер

                                                                       Халқы сүйген қаламгер

        ХХІ ғасырдың әлем таныған ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жас мерейтойына арналған « Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби-сазды кеші, 2017 жылдың қараша айының 2-ші жұлдызында колледждің мәжіліс залында өткізілді.

   Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау