Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
“Әлеуметтік пәндер”бірлестігі колледждің құрылуымен бірге калыптасты.Бірлестік жетекшілер болып өз кезегінде:Л.А.Буркова, Н.Н.Стрункина э.ғ.к Б.И.Өтегенова, Г.К.Өмірзакова, Ж.С.Есеналина, Д.Қ.Ерниязов, Р.Р.Тұрманов, Б.Б.Сражов, Б.М.Төлеубаева қызмет атқарды.Қазіргі уақытта бірлестік жетекшісі Ақпанова Жанаргул Накешқызы.
“Әлеуметтік пәндер”бірлестігі сапалы білім беру мақсатында жыл сайын жаңашыл жұмыстар жүргізіп,үлкен білімділік,тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар атқаруда.Қазіргі таңда бірлестік құрамында 15 оқытушы бар. Олардың 2-уі кезекті демалыста. Жоғарғы санатты оқытушылардың саны-1, бірінші санатты 6, екінші санатты-6 оқытушы қызмет атқарады. Бірлестік келесідей пәндерді біріктіреді:Қазақстан тарихы,жалпы тарих,құқық негіздері,көлік заңдарының негіздері,география,философия негіздері,саясаттану және әлеуметтану негіздері,мәдениеттану,салауаттану, А.Ә.Д. Аталған пәндердің барлығынан дәрістер жинағының жарық көруі 2008-2009 оқу жылындағы бірлестігіміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірі болып табылады.Құқық және көлік заңдарының негіздері пәнінен М.Қ.Қисықова типтік бағдарлама шығарып бекіттірілді. Қазіргі “Әлеуметтік пәндер” бірлестігі жаңа мамандармен толықты.
Көптеген жылдар бойы өз тәжірибиесін жас ұрпаққа жалғастырып келе жатқан бірлестіктің алдыңғы қатарлы тәжірибиелі оқытушылары Ж.Н.Ақпанова, А.С.Тұрманова, З.Б.Мендеева, С.А.Сражов, Б.Б Сражов болып табылады. Бірлестікте ашық сабақтар,студенттерді шығармашылыққа баулу мақсатында Кіші Ғылым Академиясының жұмыстары, көптеген тәрбиелік шаралар дәстүрлі түрде жүргізіліп тұрады. Республикалық және облыстық басылымдарда Б.М.Төлеубаеваның, Б.Б.Сражовтың, Ж.Н.Ақпанованың, Н.Ғ.Канафиннің, З.Б.Мендееваның, А.С.Тұрманованың,М.Ә.Сахитованың,Ж.Ө.Жаңабаеваның мақалалары жарық көрсе З.Б.Мендеева, Ж.Н.Ақпанова, М.Қ.Қисықова сынды оқытушылардың жетекшілігімен КҒА қорғалған зерттеу жұмыстары жүлделі орындарға ие болды. Колледж аралығында өткен “Үздік мұғалімдер”сайысына З.Б.Мендеева қатысып жүлделі орынға ие болды.
Бірлестік назарынан облыстық деңгейдегі қоғамдық шараларға қатысу да тыс қалған емес.Н.Ғ.Канафин, Б.Б.Сражов, К.Б.Науразбаева, О.Альсүйеуов колледж оқытушылары арасында облыстық сайыстарда волейболдан жүлделі орындар алды.
Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген педагогикалық конкурсына екі оқытушы қатысып, Турманова А.С Ақпанова Ж.Н “ Техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқутышысы деп танылды”
1988 жылдан қазіргі күнге дейін біздің колледжде колледждің барлық тарихы мен құнды заттар сақталған”Естелік мұражайы”жұмыс жасайды
Қазан айында АӘД – пәні оқутушылары бірігіп “Жас сарбаз - 2011”
Әскери қолданбалы спорттық сайыс өткізілді. Сонымен қатар студенттер арасында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткізілген “Ел қорғаны – 2012” атты патриоттық әндер сайысы және “мерген ару – 2012”атты пневматикалық мылтықтан көздеп ату саиысы ұйымдастырылды
Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай “Тәуелсіздік ұлы мұрат, қастерлі ұғым" тақырыбындағы конференция өте жоғары денгейде өтті Тәуелсіздіктін 20 жылдық қарсанында өткізілген “Ата заң”, Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан”, Тәуелсіздік жолы-ұлы жол” тақырыптарында тәрбиелік іс шаралары өткізілді
Апталықтын жабылу қарсанында “Ұмытуға болмайды-ұлы оқиға” тақырыбында конференция өткізілді
Кіші Ғылым Академиясынын ғылыми конференциясына 5оқутушы ғылыми жобаларды дайындауға жетекшілік жасап Сахитова.М.Ә, Жанабаева.Ж.Ө, Ақпанова.Ж.Н , Мендеева.З.Б, Қисықова.М.Қ облыстық және Республикалық деңгейде оқушылары II және III дәрежелі дипломмен марапатталды
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий